Ендеше, кімде-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. Ал кімде-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады »
256
.
256
«Зилзала» сүресі, 7-8-аяттар.
Тағы бір аятта былай деп айтылады: «
(Қиямет күні) әр адамның алдына өзінің амал дәптері қойылады. Сол кезде дүниеде күнәға белшесінен батқан күнәһарлардың (амал дәптеріне жазылған күнәларын көріп) есі шыққанын көресің. Сонда олар аһ ұрып: «Құрыдық! Мынау өзі қандай дәптер?! Үлкенді- кішілі бірде-бір сөзді де, істі де қалдырмай (не істесек те, не айтсақ та бәрін жіпке тізгендей етіп) жазып алыпты ғой!» – дейді. Міне, осылайша, олар дүниеде не істеп, не қойған болса, соның бәрі алдарынан шығады. Раббың ешкімге әділетсіздік жасамайды »
257
.
257
«Кәһф» сүресі, 49.
Алла Тағала бізді және сендерді Құран кітабының бұйрықтарына лайықты өмір сүріп,
оның достарының жолында жүруді және аяғында Өз мейірімімен бәрімізді пейішке
кіргізуін тілеп дұға қыламыз.
Бір данышпан былай дейді: «Күндер оқ, кісілер нысанаға ұқсайды. Дүние әр күні
үздіксіз оқ жаудырады. Денеңнің еш жерін қоймай шұрық-тесік қылады. Күн мен түн
алмасып, өмір өтіп жатқанда денсаулығыңды қайтіп сақтап қала аласың.
Өткен күндер сенен нелерді кемітіп жатқанын көре алғаныңда өткізген әрбір күніңнен
шошып, уақыттың өтуі сені ауыр қайғыға салмақ. Бірақ Аллның ісі пенденің еркінде
емес».
Омар ибн Абдулазиз бір құтбасында былай деп айтады: «...Сендер бұл дүниеде
мәңгілік қалу үшін емес, бұл дүниеден арғы дүниеге көшу үшін жаратылғансыңдар. Уа,
Алланың кұлдары! Бұл дүниеде жеп-ішкендерің қиыншылыққа шыдағандарыңа сай.
Қолдарыңа тиген әрбір нығмет сендер ажыраған басқа бір нығметтің орнына келеді.
Қай жаққа сапар тартып бара жатқандарыңды және мәңгілік өлкелерің қайда екенін
жақсы біліңдер».
Әзірет Али бір құтбада жамағатқа былай дейді: «Уа, мүминдер, сендерді тастап
кеткен дүниенің артынан түспеуге шақырамын. Сендер оның артынан қанша
жүгірсеңдер де, ол сендерді тастап кетеді.
Мақсатқа жету үшін қанша уақыт керектігін және кімнің қанша өмірі қалғанын ешкім
білмейді. Дүниеге берілгендер көзі өткенше оның артынан жүгіреді. Бұл дүниенің
қиыншылықтарына қайғырмаңдар, өйткені бір күні ол да бітеді. Оның кеңшілігіне де
қуанбаңдар, өйткені ол да бір күні қолдан кетеді.
Өлім қуалап жүргеніне қарамай дүниенің артынан түскендерге және әрбір іс-әрекеті
сол сәтте бақылауға алынып жатқанына қарамай жасаған істерінің нәтижесіне
немқұрайды қарағандарға таңғаламын».
Мұхаммед ибн Хүсейін (рахимаһуллаһу) айтады: «Ұлық қасиеттердің, ілім-білімнің
және әдептің иелері Алланың бұл дүниеге мән бермегенін, оны өзінің достарына лайық
көрмегенін, Пайғамбарымыз (с.а.с.) да одан аулақ болғанын, сахабаларын да оған
беріліп кетуден ескерткенін білгендіктен дүниелерін ақырет үшін жұмсады. Дүниеден
жеке зәруліктері үшін ғана алып, басқасына жақындамады.
Ұятты жерлерін ғана жабатындай киінді, аштығын басатындай ғана жеді. Бұл дүниені
уақытша, ақыретті мәңгілік деп білді. Жолаушы секілді өздеріне азық дайындады. Бұл
дүниелері қираса да ақыретін тұрғызды. Бір күні барарын біліп, ақыретке кетті.
Бұлардың бәріне Алланың жәрдемімен жетті. Алла разы болған істерді жасап, оған
ұнамаған нәрселерден аулақ болды».