Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет69/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Көр дүниенің қорлығы 
Алланың кітабы Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әдеп-ахлағына лайық келмеген 
тәрізді жасауды айыптаған аяттар өте көп. Аяттар адамдарды қалағанындай 
сайрандап өмір сүруден аулақ болуға және Алла бұйырған негіздерге лайық өмірге 
шақырады. Пайғамбарлардың мақсаты да сол. Олар елді шариғатқа лайық өмір сүруге 
шақыру үшін Алла Тағала тарапынан жіберілген. 
Бұл мәселе Құранда ашық баяндалғандықтан аяттардан мысал келтірудің зәрулігі 
жоқ деп, тақырыпқа қатысты хадистердің кейбірінен мысал келтіреміз: 
Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жолда бара жатып қойдың 
өлексесін көреді де, жанындағыларға: «Бұл қойдың өлексесінің иесіне керегі жоқ екенін 
қабыл аласыңдар ма?» – деп сұрады. Сахабалар: «Әлбетте, мән бермегені үшін 
тастай салды да», – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «
Жаным қолында 
болған Аллаға ант ішіп айтайын, Алланың алдында дүние – пенденің алдындағы сол 
қойдың өлексесіндей де қадірі жоқ
»
242
 
деді. 
242
 
Тирмизи, 221. 
«
Егер Алланың алдында дүниенің шіркейдің қанатындай қадірі болса, онда 
кәпірлерге бір жұтым су да ішкізбес еді
»
243

243
 
Тирмизи, Табарани. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Дүние – мүминнің зынданы, кәпірдің пейіші
»
244

244
 
Мүслим, 3952; ибн Мажа, 4113. 


89 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Бұл дүние қарғысқа қалған. Алланың разылығынан 
тысқары нәрселердің бәрі қарғысқа қалған
»
245

245
 
Тирмизи, 2222; ибн Мажа, 4112. 
Әбу Мұса әл-Ашғаридің берген мағлұматы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Бұл 
дүниені жақсы көрген пенде ақыретіне зиян келтіреді. Ақыретін сүйген пенде бұл 
дүниесіне зиян келтіреді
»
246
 
деген. 
246
 
Ахмад ибн Ханбал, Табарани. 
Демек, мәңгілік өмірді өткінші дүниеден жоғары қою керек! 
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Дүниені сүю – барлық күнәлардың басы
», 
– деген. 
Зәйд ибн Арқам (р.а.) былай дейді: «Бір күні әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) жанында 
отырған едім. Ол су сұрады да, оған бал қосылған су алып келді. 
Шәрбатты аузына жақындатып барып, қайта ішуден бас тартты да, жылай бастады. 
Оның көз жасы жанындағыларды да жылатты. Бірақ жанындағылар тоқтағанымен, ол 
тағы да жылай берді. Жанындағылар оның көз жасының себебін сұрай алмай, күтіп 
қалды. 
Бір уақыттан кейін ол жылағанын тоқтатып, көз жасын сүртті. Сонда жанындағылар: 
«Уа, Алланың Елшісінің халифасы, неге жыладың?» – деп сұрады. Сонда ол былай 
жауап қайтарды: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге отырған едім. Бір кезде 
оның бір нәрселерді қолымен қақпайлап ары қуып жатқанын байқадым. Жанында 
ешкім жоқ болды. «Уа, Алланың Елшісі, нені қуалап жатырсың?» – деп сұрадым. Ол 
маған: «Бұл дүние алдыма үйіліп келді. Оған: «Жоғал! Менен аулақ бол!» – дедім. Ол 
маған: «Сен мені қуаладың, бірақ сенен кейін келгендер менен құтыла алмайды деді», 
– деп жауап берді
247

247
 
Ихияу улумиддин, III, 202-бет. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Мәңгілік өмірдің бар екеніне иман 
келтіргеннен кейін, жалған дүниенің артынан жүгірген кісі қандай ақылсыз!
» 
Риуаяттарға қарағанда, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Келіңдер, 
дүниені көріңдер», – деп тастандыдан шіріген матаның жыртығын және қарайған 
сүйектің сынығын алып: «Міне, дүние деген сол!» – деді. Ал бұл шіріген мата дүние 
әшекейлері бір күні шіріп, сол мата сияқты болатынын көрсетіп тұрады. Бұл дүниеде 
көріп тұрған жан-жануардың бәрі бір күні шіріген сүйекке айналады демекші болған 
деді ол. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет