Имам ғазали жүректің сырлары


Расында, дүниенің бар байлығы мен ондағы шексіз мүмкіндіктер



Pdf көрінісі
бет65/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Расында, дүниенің бар байлығы мен ондағы шексіз мүмкіндіктер 
һәм соның тағы бір есесі күпірлік қылғандардың қолында болса, сөйтіп, олар 
қиямет күнінің азабынан құтылу үшін соның бәрін төлем ретінде берсе де қабыл 
болмайды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар
»
224
 
деген
» деп насихат береді. 
224
 
«Мәида» сүресі, 36-аят 
Ибн Масғудтан риуаят етілгені бойынша, Құран Кәрімнің ең ақырғы түсірілген аяты 
төменгі аят: «
Бірің қалмай Аллаға қайтарылатын сол бір алапат күннен қазірден 
бастап қорқыңдар (сақтаныңдар). Содан кейін әрбір жанға (дүниедегі жақсы, 
жаман істерінің) қарымы толық қайтарылады һәм олардың бірде-біріне 
әділетсіздік жасалмайды
»
225

225
 
«Бақара» сүресі, 281. 
Дәуіт (а.с.) пайғамбар Сүлеймен (а.с.) пайғамбарға былай дейді: «Мүмин адамның 
үш белгісі бар: 
1) Орындай алмаған істерін Аллаға тапсырады. 
2) Жеткен нәрселеріне разы болады. 
3) Қолдан кеткенге өкінбей сабыр қылады». 


82 
Бір мағыналы сөзде: «Бәлеге сабыр қылған адам мақсатына жетеді», – деп 
айтылады. 
Сабырдың бірнеше түрі бар. Парыздарды өз уақытында және кемшіліксіз орындауды 
жалғастыру, қосымша ғибадаттарды жалғастыру, кедейлікке, ауруларға шыдау; 
күнәларға, нәпсінің жөнсіз қалауларына, күнә болу мүмкін нәрселерге, барлық дене 
мүшелерінің істеріне және басқа жаман іс-әрекеттерге қарсы тұру. Міне, соның бәрі 
сабырдың түрлеріне жатады. 
Өлімді еске алу 
Әбу Һурайра (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «
(Жалған дүниенің) 
ләззаттарын жойып, бірталай ұмыттыратын өлімді көп еске алыңдар!
»
226
 
деген. 
Бұл – өлімді тез-тез еске алып, бұл дүние қызығына батып кетуден сақтайды дегенді 
білдіреді. 
226
 
Тирмизи, 2307; Нәсаи, 1824. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Егер хайуанаттар өлім туралы адам баласы білгенді 
білсе, онда әрдайым арық малдың етін жейтін едіңдер
»
227
 
деп айтқан. 
227
 
Әбу Нуаймин, Хилия, 6/392. 
Әзірет Айша бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Қиямет күні шейіттермен бірге 
махшарға келгендер бола ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Болады. 
Өлімді күн-түн демей жиырма мәрте еске алғандар келеді
», 
– деп жауап берді. 
Бұл ұлы қасиетке жетудің себебі – өлімді еске алу арқылы пенде өзін алаңдатқан 
дүние қызықшылығынан бас тартып, ақырет үшін дайындалуы. Ал енді өлімді естен 
шығару болса, дүниеге берілуге итермелейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа бір хадисте: «
Өлім – мүмин үшін сыйлық
»
228
 
деп айтқан. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өлімді «
мүмин үшін сыйлық
» деп айтуының себебі 
мынадай: Мүмин нәпсінің түрлі қалауларын орындаудың қиыншылығына шыдау, 
бейбастық сезімдерін шектеу және шайтаннан қорғану сияқты бірнеше міндеттерді 
арқалағандықтан, бұл дүние мүминдер үшін зындан сияқты және өлім оны сол азаптан 
құтқарады. Бұл құтылу ол үшін үлкен сыйлық. 
228
 
Ибн Әбу Дуня, әл-маут. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисінде елге қолымен де, тілімен де зиян келтірмеген, 
үлгілі әдеп-ахлақ көрсеткен, ұсақ-түйек кемшіліктерден басқа үлкен күнәларға батпаған 
мүминдерді айтып жатыр. Өлім сондай үлкен күнәлардан аулақ болып, парыздарды 
орындап жүрген кісілерді күнәларынан арылтып, тазалайды. 
Әнәс (р.а.): «Өлімді жиі-жиі еске алыңдар, өйткені ол күнәдан аулақтатады және 
дүниеден көңілдеріңді қалдырады»
229
 
деген. 
229
 
Ихияу улумиддин, IV, 450-бет. 
Басқа хадистерде: «
Өлім – ескертуге жеткілікті
» және «
Өлім – насихатшы болуға 
жеткілікті
» 
230
 
– деп айтылған. 
230
 
Табарани, Байхақи. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні мешітке кіріп, іштегілердің күлкі аралас бажылдап 
сөйлесіп жатқанына куә болады да, оларға: «
Өлімді еске алыңдар. Жаным қолында 
болған Аллаға ант ішіп айтайын, мен білгендерді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын 
едіңдер
», 
– деді. 


83 
Алла Елшісі (с.а.с.) де қатысып отырған бір мәжілісте сахабалар біреуді асыра 
мақтайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларға: «Сендер сөз қылып жатқан 
жолдастарың өлімді еске ала ма?» – деп сұрады. Сахабалар: «Оның өлім туралы 
айтқанын еш естімедік», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олай 
болса ол достарың сендер мақтағандай емес екен», – деді. 
Ибн Омар (р.а.) айтады: «Он кісілік топтың оныншысы болып Пайғамбарымызбен 
(с.а.с.) амандасқалы барып қалдым. Ансардан біреу Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, 
Алланың Елшісі, адамдардың ең ақылдысы және қадірлісі кім?» – деп сұрады. Алла 
Елшісі (с.а.с.) бұл сұраққа: «Ең ақылды және қадірлі кісілер – өлімді жиі-жиі еске алып, 
оған көп дайындық жасаған пенделер. Олар бұл дүниеде де, ақыретте де қадірге ие 
болған ақылдылар», – деп жауап берді. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Өлім бұл дүниенің қадірін түсірді, ақыл-есі 
орнында болған пенделердің тынышын кетірді», – деп айтқан. 
Рәбиғ ибн Хайсам: «Мүминнің өлімнен де бағалы санаған нәрсесі жоқ. Менің өлімімді 
ешкімге естіртпеңдер. Өзімді болса Жаратқан Иеме тапсырыңдар», – деген. 
Бір данышпан кісі досына жіберген хатында былай деп жазады: «Уа, бауырым, өлімді 
сағынып, таба алмайтын әлемге (ақыретке) көшуден бұрын бұл әлемде өлімнен 
қорық». 
Өлім туралы сөз қозғалғанда ибн Сириннің (рахматуллаһи аләйһи) тұла бойы қатып 
қалды. 
Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) әр күні сарайына фақиһ ғалымдарды 
жинап, олармен өлім, қиямет күні және ақырет туралы әңгімелесетін. Содан соң 
алдарында жаназа тұрғандай жыласатын еді. 
Ибраһим Тайми (рахматуллаһи аләйһи): «Өлім және Алланың алдында тұрғанымды 
сезу – сол екі нәрсе мені бұл дүниенің рахатын сезбейтін қылып қойды», – деген. 
Кәғбул Ахбар (рахматуллаһи аләйһи): «Өлерін білген кісі бұл дүниенің 
қиыншылықтарына және машақаттарына мән бермейді», – деген. 
Мутарриф (рахматуллаһи аләйһи): «Түсімде Басра мешітінің ортасында мінберде 
сөйлеп жатқан кісінің: «Өлімді еске алу Алладан қорыққандардың жүрегін жарып кетті. 
Мен олардың не қыларын біле алмайтынын көрудемін», – деп айтқанын естідім», – 
деген. 
Ашас (рахматуллаһи аләйһи): «Хасан Басридің жанына кіргенімізде ол кәдімгі оттың, 
кәдімгі ақыреттің және өлімнің естелігі сияқты көрінді», – деп ескерген. 
Сафия (р.а.) айтады: «Бір әйел әзірет Айшаға (р.а.) келіп, өзінің жүрегінің қаттылығын 
айтып шағымданды. Әзірет Айша оған: «Жиі-жиі өлімді еске ал, сонда жүрегің 
жұмсарады», – деді. Ол әзірет Айшаның (р.а.) кеңесін орындаса, шынымен де жүрегі 
жұмсарды. Біршама уақыттан кейін әзірет Айшаға келіп рақмет айтты». 
Әзірет Дәуіттің (а.с.) жанында өлім, қиямет күні туралы сөз қозғалғанда буындары 
айырылып, дене мүшелері шашырап кеткендей жылап, Алланың рақымы туралы 
айтылғанда ғана өзіне келуші еді. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Мен көрген ақыл-есі орнында болған 
кісілердің бәрі өлімнен қорқып, өліктің артынан қайғырушы еді», – деп айтқан. 
Әмәуи халифаларынан Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) жанындағы 
ғалымдардың біріне: «Маған насихат айтыңыз», – деді. Ғалым: «Өлімнің дәмін тататын 
бірінші халифа сенсің», – дер еді. Халифа: «Жалғастыра беріңіз», – дегенде, ғалым: 
«Адамнан бастап барлық аталарың өлімнің дәмін татудан құтыла алған емес. Енді 
кезек саған келді», – дер еді. Сол кезде Омар ибн Абдулазиз жылай бастады. 
Рәбиғ ибн Хайсам (рахматуллаһи аләйһи) үйіне бір шұңқыр қазып қойып, әр күні 
бірнеше мәрте ішіне кіріп жатушы еді және сонымен өлімді есінен еш шығарған емес. 


84 
Сұрағандарға: «Өлімді еске алу көзді ашып-жұмғанша да болса жүрегімнен шықса 
жүрегім бұзылады», – деп айтты. 
Мутарриф ибн Абдулла Шиххир (рахматуллаһи аләйһи): «Сол өлім байларды 
байлығына алданудан тоқтатты. Демек, өлместікті және мәңгілік бақытты іздеңдер», – 
деп айтқан. 
Халифа Омар ибн Абдулазиз (рахматуллаһи аләйһи) Анбасаға: «Өлімді жиі-жиі еске 
ал. Егер кеңшілікте өмір сүріп жатқан болсаң, бұл нәрсе сені жұпыны өмірге 
итермелейді. Егер тапшылықпен өмір сүріп жатқан болсаң, тірілікті байлық деп 
санауыңа негіз болады», – деген. 
Әбу Сүлеймен Дарани (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Үммі Харуннан «Өлгің келе 
ме?» – деп сұрасам, «Жоқ», – деді. «Неге?» – десем, «Біреудің тілегін орындамасам, 
оған кезігуді қаламаймын. Алланың бұйрығына мойынсұнбадым. Енді қайтіп оған 
жолыққым келсін», – деп жауап берді». 
Әбу Мұса ат-Тамими (рахматуллаһи аләйһи) былай деп баяндайды: «Белгілі ақын 
Фараздақтың жұбайы қаза болғанда Басра қаласының атқамінерлері жаназаға келді. 
Олардың арасында Хасан Басри да бар болды. Ол Фараздақтан: «Уа, Әбу Фирас, бұл 
күнге не дайындадың?» – деп сұрады. Фараздақ: «Алпыс жылдан бері қайталап жүрген 
(Лә илаһа иллаллаһ) куәлік кәлимасын» – деп жауап берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет