Имам ғазали жүректің сырлары


Көк аспан туралы және басқа заттар



Pdf көрінісі
бет66/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Көк аспан туралы және басқа заттар 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала әлемді бір «өзектен» жаратып, оған сұспен 
қарағанда Алладан қорыққанынан «өзек» еріп, суға айналды. Сонда Алла Тағала суға 
мейіріммен қарағанда жарымы қатты. Алла сол қатқан судан «Аршты» жаратты. Арш 
та сілкіне бастағанда Алла оның үстіне «Лә илаһа иллаллаһ, Мухаммадун 
расулуллаһ» (Алладан басқа құдай жоқ. Мұхаммед – Алланың елшісі)» деген 
кәлиманы жазды. Сонда ол тынышталып қалды. 
Қалған суды қиямет күнге шейін өз жағдайында қалдырды. Алла Тағала бұл туралы 
«
Оның Аршы судың үстінде еді
»
231
 
деп айтады. 
231
 
«Һуд» сүресі, 11/7 
Сонда су шалқып, көбіктене бастады. Одан бу шығып, жиналып отырып, жоғары 
көтерілді. Будың көбігінен «қабат-қабат» жер-аспанды жаратты. 
Бұл сатыда жер-аспан бір-біріне жабысып тұрған. Алла Тағала олардың ортасына 
жел жаратып, қабаттарды бір-бірінен ажыратты. 
Алла Тағала бұл туралы: «
Сөйтіп, Ол (газ бұлты күйіндегі тұмандық) көкті екі 
күнде жеті қат көк етіп толық қалыптастырды
»
232
 
– дейді. 
232
 
«Фуссилат» сүресі 41/12 
Данышпандар былай деген: «Алла аспанды неге будан емес, тұманнан жаратты? 
Өйткені тұманның бөлшектері бір-бірімен біріккен жағдайда жаратылған. Ол орнында 
тұрақты. Бу болса тұрақты емес, құбылып, өзгеріп тұрады. Бұл да ұлы Жаратқанның 
кемшіліксіз данышпандығын көрсетеді». 
Сонда Алла Тағала суға мейіріммен назар салғанда су қатты. Бұл мағлұмат 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисімен расталған. 
Аспан мен жер жүзінің ортасында және барлық аспан қабаттарының ортасында бес 
жүз жылдық қашықтық бар. 


85 
Риуаяттарға қарағанда, аспанның бірінші қабаты сүттен де ақ. «Қаф» тауының 
жасылдығы шағылысып, оны көк-жасыл қылып көрсетіп тұрады. Аспанның бірінші 
қабатының аты – «Рақиа». Екінші қабаты нұр секілді жарқыраған темірден, аты – 
«Файдум» не «Маун». 
Үшінші қабаты жезден. Аты – «Мәләкут» не «Харюн». 
Төртінші қабаты ақ күмістен. Көз шағылыстыратындай жарқырап тұрады. Аты – 
«Заһира». 
Бесінші қабаты қызыл алтыннан. Аты – «Музайна» не «Музһира». 
Алтыншы қабаты нұр шашқан бір заттан. Аты – «Халиса». 
Жетінші қабаты қызыл жақуттан. Аты – «Лабиа» не «Дамиа». 
«Байтул-Мағмур»
233
 
аспанның жетінші қабатында. Байтул-Мағмурдың бірі қызыл 
жақуттан, екіншісі жасыл изумрудтан, үшіншісі ақ күмістен және тағы бірі қызыл 
алтыннан болған төрт тірегі бар. 
233
 
Періштелер әлемінің құбыласы 
Тағы бір риуаят бойынша, ақықтан болған Байтул-Мағмурға әр күні жетпіс мың 
періште кіріп шығады және қиямет күнге шейін бұл періштелердің ешбірі қайтып 
келмейді
234

234
 
Бұхари, Бәдул-халқ. 
Сенімді пікір бойынша, жер жүзі аспаннан да жоғары тұрады. Өйткені пайғамбарлар 
жер жүзінде жаратылып, жер жүзіне көмілген. Жердің ең бағалы қабаты – үстіңгісі. 
Өйткені барлық жандылар сол қабаттан пайдаланады. 
Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, аспандардың ең жоғарғы қабаты Аршқа 
жақын болғандықтан «Күрсі» деп аталады. Жеті планетадан басқа барлық жұлдыздар 
сол қабатта. 
Жеті планета аспанның жеті қабатына шашылған деп айтылып қалған. Бұлардан 
«Сатурн» аспанның жетінші қабатында және ол бейсенбі күнге дәл келеді. 
«Марс» бесінші қабатта. Ол сейсенбі күнге дәл келеді. 
«Күн» төртінші қабатта және жексенбіге дәл келеді. 
«Венера» үшінші қабатта және ол жұма күнге дәл келеді. 
«Меркурии» аспанның екінші қабатында және ол сәрсенбіге дәл келеді. 
«Ай» аспанның бірінші қабатында және ол дүйсенбіге дәл келеді. 
Алла Тағаланың шеберлігіне қарашы! Жеті қабат аспан бір-біріне ұқсамағанмен, бәрі 
бірдей тұманнан жаратылған. 
Осындай көктен жаудырған жаңбырмен жер жүзінде түрлі өсімдікті және жемістерді 
жаратты. 
Алла Тағала пенделерді де түрлі көріністе жаратқан. Олардың кейбірінің өңі ақ, 
кейбіреуінікі қара. Кейбірі білімді, кейбірі білімсіз. Бірақ бәрінің түпкі тегі Адамға барып 
тіреледі. Алла Тағаланы барлық кемшіліктерден таза деп пәктеңдер! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет