Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет70/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Дүние тартымды және көзге жағымды. Алла жер 
жүзін сендерге тапсырды да, не қылар екен деп көз салып тұрады. Дүние 
Исраилұлдарының алдына жайылғанда, олар адасып әшекейлерге, киім-кешектерге, 
жағымды иістерге және әйелдерге беріліп кетті
».
248
 
248
 
Мүслим, 7242; ибн Мажа, 4000. 
Иса (а.с.) айтқан: «Дүниеге табынбаңдар, ол сендерді құл қылып алмасын. 
Қазыналарыңды жоқ қылмайтын Алланың жанына жинаңдар. Өйткені бұл дүниеде 
жиналған байлықтың жоқ болып кету қорқынышы бар. Ал енді қазынасы Алланың 
жанында болған кісі байлығының жоқ болып кетуінен еш қорықпайды». 
Иса (а.с.) тағы: 
«Уа, хауарилерім! Бұл дүниені үстінен өтіп кететін көпір сияқты көріңдер. Оны 
мәңгілік көріп, бекем жайғасып алуға әрекет жасамаңдар. Барлық күнәнің басы – 
дүниені сүю екенін біліңдер. Көзге тартымды асау құмарлар пенделерге үлкен азапты 
алып келген. 
Дүние сендерге шөгіп келген, сендер оған міндіңдер. Ол жерде патшалармен және 
әйелдермен таласып отырмаңдар. Патшалармен бұл дүние істерінде таласпай, өз 
алдынша қалдырсаңдар, олар сендерге тиіспейді. Әйелдерге азғырылудан намаз және 
оразамен сақтаныңдар». 


90 
Мұса ибн Ясардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла Тағала үшін 
жаратқан нәрселерінің ішінен ең жек көрініштісі – дүние. Жаратқаннан бері оған еш 
көңіл бұрған емес
», 
– дейді. 
Риуаяттарға қарағанда, бір күні Сүлеймен ибн Дәуіт (а.с.) үстінен құстарды, екі 
жағынан кісілер мен жындарды жүргізіп бара жатып Исраилұлдарынан шыққан бір 
тақуа кісіге жолығады. Ол: «Уа, Дәуіт ұлы Сүлеймен, шынында, Алла саған ұлы 
патшалықты нәсіп қылған!» – дейді. Сүлеймен (а.с.) оған: «Мүминнің сауап дәптеріне 
жазылған бір тасбих Сүлеймен ибн Дәуітке берілген зор патшалықтан да жақсырақ. 
Өйткені Сүлейменге берілген патшалық уақытша. Ал енді мүмин айтқан тасбихтің 
сауабы мәңгілік!» – деп жауап берген». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Дүние жинау құмарлығысендерді азғырды. Адам 
баласы «мал-мүлкім!..» дей береді. Шынында, сенің жеп-ішкеннен, киіп ескірткеннен 
және садақа беріп, мәңгілікке тастап кеткеннен басқа қайбір байлығың бар?!
»
249
 
249
 
Мүслим, 2958. 
Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді: «
Бұл дүние мекені – жоқтардың 
мекені және байлығы жоқтың байлығы. Ақылсыздар бұл дүние үшін байлық жинайды. 
Надандар дүние үшін таласып-тартысады. Түсінігі тар кісілер дүниені қызғанады. 
Шынайы иманға ие бола алмағандар ғана оның артынан жүгіреді
»
250

250
 
Ахмад ибн Ханбал; Ихияу улумиддин, III, 203-бет. 
Тағы бір хадисте былай деп айтылады: «
Дүниені бірінші орынға қойған кісі Алладан 
еш нәрсе үміт ете алмайды. Алла Тағала ол кісінің көңілінен төрт нәрсені 
шығармайды:
1) Бітпес қажеттілік;
2) Бос уақыт таптырмаған әурешілік;
3) Көз тойдырмаған кедейлік;
4) Мақсатқа жеткізбеген құрғақ қиялдар
»
251

251
 
Ихияу улумиддин, III, 203-бет. 
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Әбу Һурайра, 
саған бұл дүниенің шынайы жүзін көрсетейін бе?» – деді. Мен: «Әлбетте», – деп жауап 
бердім. Ол мені қолдан алып Мәдинаның құрғақ сайларының біреуіне алып барды. Ол 
жерде бас сүйектер, хайуан қилары, ескі маталардың жыртықтары және қураған 
сүйектер үйіліп жатқан еді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әбу Һурайра, бұл бастар да бір кезде қазіргі сендер сияқты 
ашкөз және дүниені қиялданған кісілердің бастары еді. Енді олар қураған сүйекке 
айналды. Кейінірек желге ұшқан қоқым шаңға айналады. 
Бір уақытта жеген тамақтары осылай қиға айналды. Тамақты қандай ғана жерлерден 
тауып жеуші еді. Енді осылай кім болмасын жиіркеніп, алыс тұратын лас нәрселер 
болып қалды. 
Бұл шүберектер олардың киімдері болды. Енді ары-бері желге ұшып, сапырылып 
жатыр. Бұл сүйектер – олар мінген көліктердің сүйектері. Оларды мініп алып жер 
қыдырып саяхаттады. Дүние үшін жылағысы келгендер жылай берсін», – деді. Біз әуелі 
көз жасымызды үнсіз төгіп отырғанбыз. Аяғында іңіреп жылай бастадық... 
Риуаяттарға қарағанда, Алла Тағала әзірет Адамды (а.с.) жер бетіне түсіргеннен 
кейін оған: «Тіршілік үшін үй сал, өлу үшін балалы бол», – деген. 
Дәуіт ибн Хилал (рахимаһуллаһу) айтады: «Ибраһимге (а.с.) түсірілген парақтарда 
былай деп жазылған: «Уа, дүние! Сен азғыру үшін қаншалық әсемденсең де тақуа 
пенделерім үшін еш қадірің жоқ! Өйткені олардың жүрегіне саған қарата жек көру 
сезімін салдым. Жаратқандарымның ішінен мен үшін ең қадірсізі сенсің. Ақыры барып 
жоқ боласың. Өйткені сені жаратқанымда да өткінші және қолдан-қолға өтіп 


91 
тұратындай қылып жараттым. Саған ие болғандардың сараңдығына қарамай бұл үкім 
өзгерместен қала береді. Маған шын ықыласымен ғибадат жасағандар қандай 
бақытты! Оларға сүйінішті хабар берем, олар Менің мейірімім төгілген пейішке кіргенге 
шейін қабірлерін нұрландырып, періштелермен қорғап тұрамын». 
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет