Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет55/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Араларында туысының ақысын таптаған кісі бар 
жамағатқа Алланың мейірімі түспейді
»
173

– деді. 
173
 
Бұхари, Әдәбул муфрад, 63. 
Жоғарыдағы хадис басқа бір риуаятты растайды: Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісі 
(с.а.с.) туралы айтып жатып: «Ол туыстарымен қарым-қатынасын үзгендерді 
арамыздан шығарып таста», – дегенде, сол жерде отырған бір жігіт топтың арасынан 
шығып кетті. Ол бірнеше жылдар бойы ренжісіп жүрген нағашы әпкесімен татуласып 
келді. 
Әйел інісінен бұл істің себебін сұрағанда, ол Әбу Һурайраның (р.а.) сөзін айтып берді. 
Әйел: «Бар, бұл мәселе туралы тағы кеңірек мағлұмат ал», – деді. Жігіт Әбу Һурайраға 
келіп кеңірек мағлұмат сұрады. Әбу Һурайра: «Өйткені мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
«Арасында туған-туысымен қарым-қатынасын үзген кісісі бар елге Алла мейірімін 
төкпейді»
174
 
– деп айтқанын естігенмін», – деді. 
174
 
Бұхари, Әдәбул муфрад, 63. 
Табаранидің (рахматуллаһи аләйһи) риуаят еткені бойынша, «
Арасында туыстық 
құқықтарға немқұрайды қараған кісі бар елге періштелер түспейді
», 
– деп 
айтылады. 
Табаранидің сахих риуаяты бойынша былай деп айтылады: «Бір күні таң намазынан 
кейін ибн Масғуд (р.а.) көпшіліктің арасында отырып: «Арамызда туғандарымен қарым-
қатынасын үзгендер бар болса шығып кетсін. Өйткені біз Жаратқан Иемізге дұға 
қыламыз. Аспанның есіктері туғандарымен байланысын үзгендер үшін жабық» дегенін 
естіп қалдым. 
Бұхари мен Мүслимнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Туыстық 
мәміле Аршта ілініп тұрады және ол: «Кім маған мән берсе, Алла да оған назар 
салады, кім маған немқұрайды қараса, Алла оны мейірімінен құр қалдырады», – дейді
» 
– деген»
175
. Бұл хадисті Әбу Дәуіт пен Тирмизи да риуаят еткен. 
175
 
Мүслим, 2555; Ахмад ибн Ханбал, 6488. 
Абдуррахман ибн Ауфтың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Алла Тағала: «Мен Алламын, мен Рахманмын. Туыстықты жараттым және оған Өз 
есіміммен бір түбірден келген ат қойдым. Оған мән берген пендеге Мен де назар 
саламын, оған немқұрайды қарағанды рақымымнан құр қалдырамын
»
176

– деген. 
176
 
Баззар, Муснад, 1895; Хайсами, Мажмағуз Зауаид, 13446. 
Имам Ахмадтың сахих риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Пайыз өсімінің көп еселенгені – мұсылманның намысына жөнсіз тіл тигізу. Сыла 
рахым (туыстық қарым-қатынас) Алла Тағаланың «Рахман» деген есімінен келіп 
шыққан. Осы туыстық байланысты сақтамағандарға Алла пейішін харам қылады
»
177

177
 
Әбу Дәуіт, 4876; Ахмад ибн Ханбал, 1654. 
Ибн Хиббанның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Сыла 
рахым (туыстық қарым-қатынас) – Алланың «Рахман» деген есімінен келіп шыққан. 
Ол (туыстық қатынас) «Уа, Жаратқан Ием! Мені аяққа таптады, маған 
немқұрайды мәміле жасады. Уа, Жаратқан Ием, маған әділетсіздік жасады. Уа, 
Жаратқан Ием! Уа, Жаратқан Ием...!» – дейді». Ол сөйтіп шағымданғанда, Алла 


68 
Тағала оған: 
«Саған 
көңіл 
бөлген 
кісіге 
назар 
салуыма 
және 
сені 
таптағандымейірімімнен құр қалдыруыма разы емессің бе?» – деп айтады
»
178

178
 
Бұхари, 5988; Ахмад ибн Ханбал, 7872. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Сыла рахым (туыстық қарым-қатынас) – Аршқа ілінген 
жүзікше. Ол: «Уа, Жаратқан Алла! Маған көңіл бөлгенге Сен де көңіл бөл, маған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет