66
Бұхари мен Мүслим арқылы келген мағлұматтар бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«
Туыстық құқықты таптағандар пейішке кірмейді
»
168
,
– деген.
168
Бұхари, 5984; Мүслим, 2556; Тирмизи, 1909; Әбу Дәуіт, 1696.
Суфиян: «Бұл сөздің мағынасы «туыстармен қарым-қатынаста болмағандар» деп
тұжырымдаған. Имам Ахмад риуаят еткені бойынша: «
Адам баласының жасаған істері
әр бейсенбі күні және жұма түндері Алла Тағалаға ұсынылады. Туыстық құқықтарды
таптағандардың істері қайта артқа қайтарылады
»
169
деп айтылған.
169
Бұхари, Әдәбул Муфрад, 35; Ахмад ибн Ханбал, 9902.
Байхақидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Жәбірейіл (а.с.)
маған келіп былай деді:Бүгінгі түн – шағбан айының он бесінші түні (Бараәт түні). Алла
Тағала бұл түні Қалб руының қойларының қылдарының санынша көп кісіні тозақтан
босатады. Бірақ мына кісілердің жүзіне қарамайды. Олар:
1) Алла Тағалаға серік қосқандар;
2) Кек сақтағандар;
3) Туыстық қарым-қатынасқа немқұрайды қарағандар;
4) Менменсіну және тәкаппарлықтың белгісі ретінде
киімдерін табандарына шейін
сүйретіп алғандар;
5) Ата-анасына бас имегендер;
6) Үздіксіз ішімдік ішкендер».
170
170
Байхақи, Шуғабул Иман, 7666.
Ибн Хиббан және басқалардың риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үш түрлі кісі
пейішке кірмейді:
1) әрдайым ішімдік ішкендер;
2) туыстық қарым-қатынасқа немқұрайды қарағандар;
3) балгерге сенгендер»
171
деген.
171
Ибн Хиббан, ас-Сахих, 6137.
Ибн Әбу Дуния және Имам Ахмадтың риуаятында Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
төменгідей хадисі бар: «Бұл үмбеттің ішінен сондай біреулер шығады. Олар түнде
басқа кісілер сияқты тек жеп-ішіп көңіл көтереді, бірақ маймыл және доңыз бейнесінде
таң атырады, оларды жер жұтады не бастарына тас жауады.
Ел: «Кеше түнде пәленше ұлдарын жер жұтты, пәленше дүниеқоңыздардың үйі
астан-кестен болды», – дейді. Лұт қауымының кейбір руларына тас жауғандай олардың
және үйлерінің үстіне де тас жауады. Ад қауымынан кейбіреулердің ұшырағаны сияқты
боранға душар болады. Бұл апаттардың себебі төменгі күнәлары:
1) Әрдайым ішімдік ішу;
2) Еркектердің жібек киім киюі;
3) Әнші әйелдердің болуы;
4) Пайыз өсімі;
5) Туыстық қарым-қатынастарға немқұрайдылық».
Әзірет Жәбир (р.а.): «Тағы бір нәрсе бар еді, бірақ оны Жағфар ұмытып қалыпты», –
деп айтқан.
Табарани «әл-Аусаттағы» риуаяты бойынша, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) келіп:
«Уа,
мұсылмандар, Алладан қорқыңдар және туыстық құқықтарға көңіл бөліңдер.
Өйткені ең көп құрметтелген жақсы іс – туыстық байланыстарға көңіл бөлу.
Зұлымдықтан сақтаныңдар, өйткені жазасы тез берілетін күнә – зұлымдық. Ата-анаға
қарсы шығудан сақтаныңдар, өйткені төмендегілер мың жылдық қашықтықтан сезілген
пейіш иісін де иіскемейді:
1) Ата-анаға қарсы шыққандар;
2) Туыстық байланыстарға немқұрайды қарағандар;
3) Қартайғанда зина жасағандар;
67
4) Менменсіну, мақтаныш үшін киімдерін жерге сүйретіп жүргендер. Себебі ұлылық
Аллаға ғана жарасады»
172
деді.
172
Табарани, Муғжамул-Аусат, 6/18; Хайсами, Мажмағуз-Зауаид, 8/149.
Исфаханинің риуаяты бойынша, Жәбир (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың
(
с.а.с.) жанында отырған едік. Ол: «Туыстық байланыстарға
немқұрайды кісілер
арамызда отыра алмайды», – деді. Бір жігіт орнынан тұрып шығып кетті. Нағашы
әпкесімен ренжісіп жүрген екен, оған барып кешірім сұрапты. Нағашысы оны кешіргенін
білдіргенде қайта келіп арамызға қосылды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Достарыңызбен бөлісу: