Имам ғазали жүректің сырлары


Қолдарындағы дүние-мүліктерінде белгілі мөлшерде ақы бар екенін



Pdf көрінісі
бет49/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Қолдарындағы дүние-мүліктерінде белгілі мөлшерде ақы бар екенін 
мойындайды. Қайыр тілеуден басқа амалы қалмаған пақырлардың һәм (қанша 
жерден мұқтаж болса да елге алақан жаюдан қымсынатын) мұқтаж жандардың 
(ақысы бар екенін біледі)
»
153
 
деген мағынадағы аятты оқыды.
154
 
153
 
«Мағариж» сүресі, 24-25. 
154
 
Табарани, Муғжамус Сағир, 62. 
Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Миғражға шығарылған түні сүті 
сауылған соң өздері улы шөпке жайылған не ыстық тастың үстіне айдалған қойлар 
секілді тозаққа қарай айдалған алды-арты жамаулы киімшең кісілердің тобын 
кезіктіреді де, Жәбірейілден (а.с.): «Бұлар кімдер?» – деп сұрайды. Жәбірейіл періште 
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Бұлар – мал-мүлкінің зекетін бермегендер. Алла оларға 
зұлымдық жасаған емес. Алла Өз пенделеріне ешқашан зұлымдық жасамайды», – деп 
жауап береді. 
Хикая 
Бірнеше кісі Әбу Синанның үйіне барады. Ішке кіріп, жанына отырған соң Әбу Синан 
қонақтарына: «Жүріңдер, көршіміздің бір бауыры өлген екен, соған көңіл айтып 
келейік», – деді. 
Одан арғысын сол топтың арасындағы Мұхаммед ибн Юсуф әл-Фараби былайша 
баяндайды: «Ол кісінің үйіне бәріміз бірге бардық. Бейшара булығып жылап жатты. 
Оны жұбатуға қаншалық әрекет жасасақ та, сөзімізді тыңдар емес. 
Оған: «Өлім қашуға мүмкін болмаған сапар екенін білмейсің бе?» – дедік. Ол: 
«Әлбетте, білем, бірақ мен бауырымның күні-түні демей азап тартқанына жылап 
жатырмын», – деді. Біз одан «Алла саған ғайыпты білдірді ме?» – деп сұрағанда, ол 
төменгідей оқиғаны айтып берді: «Жоқ, ғайыпты білмеймін. Бірақ бауырымды көмген 
соң, елдің бәрі мазардан кеткеннен кейін қабірдің жанына отырып қалдым. Міне, сол 
уақытта іштен: «Әттең-ай, мені азапқа жалғыз тастап кетті. Мен намаз оқып, ораза 
ұстап жүрген едім ғой» деген үн естілді. Мен бауырымның осылай сыздағанына шыдай 


62 
алмадым. Нәтижеде, жағдайы қалай болды екен?» – деп қабірін қаза бастадым. 
Қазсам, қабірдің іші күйіп, бауырымның мойнына оттан жасалған бұғау кигізіліпті. 
Бауырмалдық мейіріміммен оны мойнынан шығарайын деп ұстасам, саусақтарым мен 
алақаным күйіп қалды». 
Ол соны айтып жамылғының астына жасырған қолын шығарып көрсетті. Алақанында 
шынында да күйіктің қара дағы бар еді. 
Бауыры қаза болған кісі сөзін одан ары былай жалғастырды: «Бұл жағдайға куә 
болғаннан кейін қабірді топырақпен көміп, кетіп қалдым. Бірақ бауырымның жағдайы 
көз алдымнан кетпей тұрып алды. Мен оның жағдайын біліп тұрып қайтіп жыламай 
отыра аламын? Оның тартқан азабын қайтіп ұмытамын?» 
Одан: «Бауырың тірі кезінде қандай жаман істерді жасаушы еді?» – деп сұрадық. 
«Мал-мүлкінің зекетін бермейтін», – деді. Сонда бәріміз: «Алла Тағаланың «Алланың 
шексіз шарапатымен үйіп-төгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат сынды) нығметтерін 
игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы болады 
деп ойламасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық 
қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына оралады»
155
 
деген аятын естідік. 
155
 
«Әли Имран» сүресі, 180. 
Демек, оның бауырының азабы қиямет күнге қалдырылмай, қабірде де беріліп 
жатқаны». 
Мұхаммед ибн Юсуф сөзін былайша жалғастырды: «Біршама уақыттан кейін әлгі 
кісінің жанынан шығып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Әбу Зәррға (р.а.) бардық. 
Оған әлгі кісіден естігендерімізді айтып бердік те, «Яһудилер мен христиандар өлгенде 
неге олардың қабірлерінде мынадай көрініс болмайды?» – деп сұрадық. Ол: «Олардың 
тозақы болғаны анық. Алла Тағала мүминдердің мұндай жағдайларын сендерге сабақ 
болсын деп көрсетіп жатыр», – деп жауап берді. 
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет