INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA»
ASTANA, KAZAKHSTAN, NOVEMBER 2023
46
❖
мерзімінен бұрын - етеккір 40 жасқа дейін тоқтайды (36-39 жас);
❖
ерте - 40-44 жаста етеккірдің тоқтауы.
•
Постменопауза - табиғи немесе жасанды соңғы етеккір кезеңінен басталып, 65-
69 жасқа дейін жалғасады, біртіндеп кәрілік кезеңге өтеді.
Климакстың ең негізгі көріністерінің бірі дене температурасы мен тершеңдіктің
жоғарылауы.Сонымен қатар жиі кездесетен симптомдар перифериялық тамырлардың
кеңеюі, транзиторлы жүрек соғу жылдамдығымен бірге жүреді. Менопауза кезінде дамитын
нейро-вегетативті реакциялардың негізгі себептерінің бірі гипоталамус орталықтарының
функционалдық
күйінің
өзгеруі,
терморегуляция
процесіне
қатысатын
нейротрансмиттерлердің (норадреналин, серотонин, допамин, катехолэстрогендер,
опиаттар, опиоид пептидтері) секрециясының бұзылуы. Климактерия табиғаты туралы
қазіргі заманғы идеяларға сәйкес, бірқатар белгілердің дамуында гонадотропты рилизинг
гормон секрециясының пульсациялық ырғағын реттейтін орталық жүйке жүйесі мен
гипоталамус құрылымдарының және вазомоторлы реакцияларды реттейтін орталықтардың
функционалдық жағдайындағы өзгерістер адам жасына да байланысты болып келеді.
Нәтижесінде вазомоторлы симптомдар және әртүрлі вегетативті бұзылулар, соның ішінде
гипер немесе гипотензияға бейімділігі бар тамырлы тонустың тұрақсыздығы, сондай - ақ
тамақтану бұзылыстары қалыптасады.Эмоционалды, мінез-құлық және когнитивті
бұзылулар, ауырсыну белгілері және диссомния негізінен лимбиялық жүйенің бұзылысын
көрсетеді. Менопаузаның генитуринарлық және метаболикалық салдары тек ішінара ғана
гормоналды тапшылыққа байланысты болып келеді, олардың патогенезіне ағзаның қартаю
процесінің көптеген компоненттеріде қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |