pj = Njp ,яғни сұйылту эффектісі (NJ кемуі) жүйедегі жалпы қысымның (р)
төмендеу эффектісіне сәйкес келеді.
Температураның әсері. Тепе-теңдіктің ығысу бағытына температураның
әсері реакцияның жылу эффектісінің белгісімен анықталынады. Яғни,
экзотермиялық (солдан оңға қарай жылудың бөлінуі +Q арқылы жүретін)
немесе эндотермиялық (солдан оңға қарай жылудың сіңірілуі - Q арқылы
жүретін) реакциялар екенін білу керек. Осыдан температураны арттырғанда
тепе-теңдік эндотермиялық реакция жағына, ал температураны
төмендеткенде тепе-теңдік экзотермиялық реакция жағына ығысады.
Химиялық технологияда қайтымды үдерістер кеңінен таралған.
Мұндай үдерістерді жүргізу жағдайын таңдағанда тепе-теңдіктің реакция
өнімінің түзілу жағына ығысу талаптарын негізге алу керек. Бұл кезде тепе-
теңдіктік шығымды арттыру үшін:
– экзотермиялық реакция үшін температураны төмендету;
– эндотермиялық реакция үшін температуарны жоғарылату;
– көлемнің азаюы бойынша жүретін реакциялар үшін қысымды арттыру;
– көлемнің артуы бойынша жүретін реакциялар үшін қысымды
төмендету;
– бастапқы реагенттердің концентрациясын арттыру;
– реакция өнімдерерінің концентрациясын төмендету сияқты талаптарды
ескеру қажет
0>0>
Достарыңызбен бөлісу: