Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет104/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 Деминерализатор
Дәріхана тәжірибесінде катионитті және анионитті ион алмастырғыш 
колонкалардан, тұзсыздандырылған судың электр өткізгіштігін бақылайтын 
қондырғыдан және тұзсыздандырылған судың электр кернеуі жіберілетін мәнінен 
төмендеген кезде құбырдағы суды колонкаларға беруін тоқтататын жүйеден 
тұратын деминерализаторлар қолданылады. Оның құрамына ион алмастырғыш 
шайырларды – катиониттерді - натрий гидроксидімен, аниониттерді - хлорсутек 
қышқылымен бастапқы қалпына келтіруге арналған регенератор кіреді. 
Регенерациядан кейін шайырларды ағынды сумен, содан соң тұзсыздандырылған 
сумен мұқият жуып шаяды. 
Деминерализаторларды ауруханааралық, ірі ауруханалық және басқа 
дәріханаларда ыдыс, орауыш пен тығындауышы құралдарды жуатын бөлмеге және 
дистилляторларға 
тұзсыздандырылған 
суды 
беруге 
қолданады. 
Деминерализатордың өнімділігі 200 л/сағ. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Сұйық дәрілік түрлердің кеңінен қолданылуын немен түсіндіруге болады? 
2.
Сұйық дәрілік түрлердің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? 
3.
Сұйық дәрілік түрлер қолданылуы бойынша қалай жіктеледі? 
4.
Сұйық дәрілік түрлердің дисперстік жүйе типтеріне байланысты жіктелуі. 


156 
5.
Қолданылатын еріткіштің табиғатына қарай сұйық дәрілік түрлер қалай 
жіктеледі? 
6.
Тазартылған суға МФ бойынша қандай талаптар қойылады? 
7.
Қандай аквадистилляторларды білесіздер және олардың жұмыс істеу 
принциптеріне сипаттама беріңіздер. 
8.
Тазартылған суларды сақтау мерзімдері қандай бұйрықпен нормаланады? 
9.
Минералсыздандырылған 
суларды 
алу 
принциптері 
мен 
қолдану 
перспективалары қандай? 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет