Оқулық шымкент, 2018 жыл


 Ерітінді көлемін қажетті көлемге дейін жеткізу арқылы



Pdf көрінісі
бет111/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

3. Ерітінді көлемін қажетті көлемге дейін жеткізу арқылы: 
Есептеу:
 
Rp.: Kalіі bromіdі 3,0 
 
 
 
 
 
 
3 - 150
 
Aquae purіfіcatae ad 150 ml 
 
 
 
 
x-100; 
х=2%
 
Mіsce. Da. Sіgna. 
1 ас қасықтан күніне 3 рет 
ерітінді
 
Б.П.
Aquae purіfіcatae 150 ml 
Kalіі bromіdі 
3,0 
Vж = 150 
ml
4. Зат мөлшерінің еріткіш мөлшеріне қатынасы арқылы: 
Rp.: Solutіonіs Kalіі bromіdі ех 3,0 - 150 ml 
 
 
3,0 
Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет. 
150 ml 
Б.П.
Aquae purіfіcatae 150 ml 
Kalіі bromіdі 
3,0 
Vж = 150 
ml 
Барлық жағдайда рецептінің әр түрлі тәсілмен жазылғанына қарамастан, 
ерітінді көлемі 150 мл, калий йодидінің мөлшері 3,0 г. 
Технологиясы:
Қосымша ыдысқа 150 мл тазартылған суды өлшеп алып, 
онда 3,0 г калий бромидін ерітеді. Дәрілік зат толық еріген соң, оны 
сыйымдылығы 200 мл босататын құтыға фильтрлеп құяды. Тығындап 
«Ішуге», «Қараңғы жерде сақта» деген этикеткалармен безендіреді. 
 
5. Дәрілік заттың сұйылту дәрежесін көрсету арқылы, мысалы 1:1000, 
1:5000, 1:10000. 
Есептеу
:
 
Rp.: Solutіonіs Aethacrіdіnі lactatіs 1:5000 - 500 ml
1 – 5000
 Da. Sіgna. 
Жараны жууға 
х – 500 х = 0,1
Б.П. 
Aquae purіfіcatae
150 ml 
Aethacrіdіnі lactatіs 
 0,1 
Vж = 500 
ml 


165 
Қандай тәсілмен жазылғанына қарамастан, осы жазылымдар бірдей 
салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады, яғни, дәрілік зат салмақ бойынша, ал 
еріткіш көлем бойынша алынады (бейсу ерітінділерінен басқасы). 
Көрсетілген тәсілдердің ішінде, ерітіндінің концентрациясын пайыз 
түрінде көрсету, яғни бірінші тәсіл жиі қолданылады. 
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60Дәрiлiк препараттарды 
және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекiту 
туралы Қаулысы және ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. № 142 «Дәрілік құралдарды 
дайындау Ережелері» туралы бұйрығының «Сұйық дәрілік түрлерді дайындау 
Ережелері» 1 бөлімінің 15 тармағына сәйкес ерітіндіні дайындаған кезде 
ыдысқа алдымен тазартылған суды өлшеп құяды, себебі, керісінше жағдайда 
дәрілік зат ыдыс қабырғасында жабысып қалуы мүмкін, ол еру процесін 
төмендетеді, дозалану дәлдігі бұзылуы мүмкін. 
Осы бұйрыққа сәйкес салмақ-көлемдік әдіспен: - сулы ерітінділер
спиртті ерітінділер қатты дәрілік заттары 3%-дан төмен сулы, сулы-спиртті 
суспензиялар дайындалады. 
Салмақтық әдіспен қатты және сұйық дәрілік заттардың тұтқыр (майлы, 
глицеринді және басқалар) және ұшқыш (медициналық эфир, хлороформ 
және басқалар) еріткіштердегі ерітінділері дайындалады. 
Дисперстік фазаның концентрациясы 3% және одан жоғары дисперстік 
ортаның табиғатына (сулы, спиртті-сулы, бейсу) байланыссыз суспензиялар 
салмақ бойынша дайындалады. 
Дисперстік фазаның концентрациясына байланыссыз эмульсиялар 
салмақ бойынша дайындалады. 
Егер еріткіш көрсетілмесе, онда сулы ерітінділер дайындалады. Тек қана 
«су» деп көрсетілсе, ерекше жағдайлар болмаса, (ҚР МФ І басылымы 
мақаласы) тазартылған су; «спирт» деп көрсетілсе - этил спиртін; «эфир» деп 
көрсетілсе - медициналық эфир қолданылуы керек. 
Аз мөлшерде (1мл-ден және 1 г-нан аз) жазылған сұйық дәрілік құралдар 
тамшымен дозаланады (стандарты тамызғышпен). Стандартты тамызғыш 
болмаған жағдайда, дозаланатын сұйық дәрілік құралмен калибрленген 
тамызғышпен өлшенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет