130
Rp.: Phenobarbitali 0,03
0,03 • 10 = 0,3
Phenacetini 0,3
0,3 • 10 = 3,0
Tincturae Valerianae gtt II
2 т. • 10 = 20 тамшы
Mіsce fіat pulvіs
Da tales doses № 10
Sіgna.
1 ұнтақтан күніне 2 рет
Жазылым құрамына естен тандыратын қасиеті бар күшті әсер ететін зат
– фенобарбитал және шүйгіншөп тұндырмасы кіретін күрделі дозаланған
ішуге арналған ұнтақ берілген.
Б.П.
Phenacetini 3,0
Phenobarbitali 0,3
Tincturae Valerianae gtt XX
Технологиясы. 3,0 г фенацетинді келіде ұнтақтап, шамамен 0,3 г келіде
қалдырады, қалғанын капсулаға төгеді. Содан соң келіге 0,3 г
фенобарбиталды қосады, араластырады. Алынған қоспаға 20
тамшы
шүйгіншөп тұндырмасын тамшылатып қосып, бірнеше минутқа кептіруге
қалдырады, араластырады және фенацетиннің
қалған мөлшерін біртіндеп
қосады. Дайын біркелкі ұнтақ қоспасын өлшеп, бір ұнтақтың мөлшерін
анықтайды. 10 пергамент капсулаға дозалап, орамдап, босатуға безендіреді.
Егер ұнтақ құрамына сұйық дәрілік
зат едәуір мөлшерде кірсе, онда
ылғалдығы жоғары немесе кейде – қамыр тәрізді масса алынады. Бұл кезде
сұйықтың бір бөлігін су моншасында 60
0
С температурада буландырады
(итжидек
тұндырмасы,
строфант
тұндырмасы,
субұрышы
сұйық
экстрактысы).
Достарыңызбен бөлісу: