Хим 125 ответ docx



Pdf көрінісі
бет37/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

84.Су жəне оның қасиеттері
Таза күйінде су молекуласы 88,8 % оттегі жəне 11,2 % сутегінен, яғни 2 сутегі жəне 1
оттегі атомынан тұратыны белгілі (4.1 сурет, а сутегі атомдары 1050 бұрыш жасап
оттегі атомымен байланысқан). Ондағы оң жəне теріс зарядтар 2 полюсте орналасқан.
Диполь моменті µ=1,85 дебай.
Температураның жоғарылауымен судың ассоциациалану дəрежесі төмендей береді.
Судың булану температурасы 1000С-да ассоциациялану өте төмен болып, молекулалық
массасы 18 тең екендігі анықталған, демек, су буында ассоциациалану мүлдем
болмайды деген сөз.
Бірқатар басқа заттармен салыстырғанда судың жылу сыйымдылығы жоғары
болады. Мысалы, судың ауамен салыстырғанда жылу сыйымдылығы 3100 есе көп


Таза судың электр өткізгіштігі өте төмен болады.
Су басқа сұйық заттарға байланысты біршама беттік кернеулікке ие (200С та 72,7
эрг

см2). Суда беттік белсенді заттар болған жағдайда оның беттік кернеулігі
төмендейді
Су жақсы еріткіш Осы қасиеті, түрлі ерітінділерді алуда кеңінен пайдаланылады.
Сондықтан Жердің түрлі аймақтарында жəне су нысандарының əр жеріндегі оның
құрамы түрліше болады. Бұдан басқа, су түрлі химиялық қосылыстармен
реакцияласады жəне реакциялық белсенділігіне қарап та таза немесе таза еместігі
жайлы пікір айтуға болады.
85.Тұздар гидролизі, оның мəні
Еріткіш ретінде су қолданылса, еріген зат пен судың арасында алмасу реакциясы
жүріп, заттар ыдырайды.
Бұл процесс гидролиз процесі деп аталады. Бұл жағдайда еріген заттың молекуласы
ыдырап, су иондарымен, яғни [Н+] немесе [ОН-] иондарымен реакцияласады, оның
нəтижесінде молекулалар мен су иондары арасындағы тепе-теңдік бұзылып, судың
диссоцияциалануы біршама жалғасады.
Тұз бен судың арасында жүретін жəне əлсіз электролиттің түзілуіне (əлсіз қышқыл,
əлсіз негіз жəне қышқылдық немесе негіздік тұз) алып келетін реакциялар тұздар
гидролизі деп аталады. Гидролиз нəтижесінде судың диссоцияциалану тепе-теңдігі оң
бағытқа ығысады:
Тұздардың қай типпен гидролизденуі оларды түзетін қышқыл мен негіздің күшіне
тəуелді болады.
1. Күшті негіз бен əлсіз қышқылдан түзілген тұз суда гидролизденеді жəне сілтілі
орта түзеді:
2. Əлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз суда гидролизденіп, қышқылдық
орта түзеді.


3. Əлсіз қышқыл мен əлсіз негізден түзілген тұздар гидролизденеді. Бұл жағдайда
ерітінді ортасы қышқылдың немесе негіздің біраз күштілгіне қарай əлсіз қышқылдық
немесе əлсіз негіздік болады
4. Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизденбейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет