- қалыпты жағдайда бетонның рН көрсеткіші 12 – 13 құрайды. Ортаның рН
көрсеткіші осындай болған жағдайда арматура бетон кеуектері мен капиллярындағы
сумен жанасқан кезде де тотықпайды. Яғни ол пассивтілігін сақтайды. Пассивтілік деп
металдың коррозияға тұрақтылығын айтады. Металдың пассивтілігін жоғарылататын
заттар пассиваторлар немесе ингибиторлар деп аталады (Са(NO2)2, NaNO2, NaCrO4,
KCrO4);
- тығыз бетонда судың жəне коррозия өнімдерінің диффузиялануы нашар жүреді.
Сондықтан арматураның коррозиясы нашар жүреді;
- бетонның өткізгіштігін төмендететін қоспаларды қолдану (тығындаушы қоспалар);
- арматураны арнайы қорғаныш қабаттарымен жабу (майлау, бояу) т.б.
83.Құрылыс материалдарын зерттеудің сандық жəне сапалық талдау əдістері
Сапалы рентгендік фазалық талдау рентгендік спектр (hkl) сызығының І
интенсивтілігіне сəйкес келетін жəне кеңістік аралық қашықтық d(hkl) мəндеріне
сəйкес келетін кристалдық фазалар идентификациясына негізделген.
Сандық талдау қоспадағы өзге фазалардың санын анықтауға негізделген, оның
ішінде: үлгі кристалдарының орташа өлшемін сызық профилінің анализі бойынша
өлшемінің үлесу функциясын анықтау; дифракциондық сызық пен осы сызықтардың
орнынан қозғалу профилінің анализін жүргізіп ішкі кернеуді зерттеу; кристалдар
орналасуының құрылымын зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: