Хим 125 ответ docx


 Құрылыс материалдарын коррозиядан қорғау əдістері



Pdf көрінісі
бет34/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

77. Құрылыс материалдарын коррозиядан қорғау əдістері
Құрылыс тəжірибесінде бетонды коррозиядан қорғау мəселелері қоршаған ортаның
бетонға агрессиялы əсерінің дəрежесі мен түрін анықтауға бағытталған зерттеулердің
нəтижесіне сəйкес коррозиядан қорғау əдістерін таңдау арқылы жүргізіледі. Көбінесе
құрылыс тəжірибесінде болат конструкцияларды күйрететін арнайы реагенттермен
кездесеміз. Мысалы олар, органикалық қышқылдар мен олардың булары – майлар,
глицирин, май қышқылдары, минералды тыңайтқыштар, медицинада, фармацептика
өндірісінде, тамақ өндірісінде, ауыл шаруашылығында қолданылатын арнайы
қосылыстар жəне де ол өндірістердің қалдықтары.
Жоғарыда ұсынылған бетонды қорғау тəсілдерінің ішінен ортаның агрессиялы
əсерін болдырмайтын немесе төмендетуге мүмкіндік беретін цементтер мен оларға
қоспаларды таңдау əдістерін бірінші орынға қойған жөн.
Мысалы қышқылдық коррозиядан қорғау үшін пластикалық массалар, сонымен
бірге қышқылға төзімді жəне глиноземді цементтер негізіндегі бұйымдарды
қолданады. Сульфатты коррозиямен күресу үшін құрамындағы С3А мөлшері массасы
бойынша 5% аспайтын сульфатқа төзімді цементтерді қолданады. Бұл бетонның
кеуектерінде кальций гиросульфоалюминатының жиналуына кедергі жасайды.
Құрамында еріген минералды тұздары аз судың əсері кезінде құрамында
кремнеземді қоспалары бар – пуццоланды цементтерді қолдану қажет. Ондай
қоспаларға трепел, диатаомит т.б. жатады. Сонымен бірге құрамында домна жəне
электротермофосфор шлактары, белит шламы немесе күл түріндегі қалдықтар, ГРЭС,
ЖЭС-да
отынды
жағу
кезінде
түзілетін
шаң
мен
шлактар
болатын
шлактыпортландцементті
қолдану
ұсынылады.
Ондай
шлактар
пуццоланмен
салыстырғанда бос күйіндегі əкті нашар байланыстырады. Көрсетілген қоспалар
негізіндегі қатайған цемент тасының құрамындағы Са(ОН)2 мөлшері, қарапайым
портландцемент негізіндегі цемент тасымен салыстырғанда əлдеқайда аз, соның
нəтижесінде гиравликалық қоспалар негізіндегі бетонның тұрақтылығы артады.


Бетонға құрамында қышқылдық тотықтары бар (SO2, NO2, СО2) түтін түріндегі
жəне басқа да газ түріндегі өндіріс қалдықтары, сонымен бірге жоғары температурада
(200 °С жоғары) су буы да кері əсерін тигізеді. Бұл жағдайда цемент қаңқасы да,
сонымен бірге толтырғыштар да бүлінуі мүмкін. Бұндай агрессиялы ортада жұмыс
істеу үшін, ірі толтырғыш ретінде берік корбанатты жыныстар қалданылатын арнайы
бетон құрамдары пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет