Хим 125 ответ docx


Химиялық кинетиканың негізгі заңы



Pdf көрінісі
бет32/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

72.Химиялық кинетиканың негізгі заңы
Химиялық кинетика – химиялық реакциялардың жылдамдығы жайлы ғылым, яғни
термодинамикадан өзгеше уақыт факторы үнемі əсер ететін процестер жайлы ғылым.
Демек химиялық кинетиканың зерттеу нысанына құрылысшылар үшін маңызды
болған процестер, құрылыс материалдарының қатаюуы, органикалық материалдардың
қартаюы, құрылыс бұйымдары мен конструкцияларының коррозиясы, гельдер мен
эмульсялардың тұрақтылығы сияқты уақытқа байланысты дамитын процестер жатады.
Химиялық кинетиканың негізгі заңы.Химиялық кинетиканың негізгі заңын түсіндіру
үшін, оны қорытындылауға қажетті кейбір анықтамаларды тұжырымдайық.
Гомогенді химиялық реакцияның жылдамдығы уақыт бірлігінде əрекеттеуші
заттардың біреуінің концентрациясының өзгерісімен анықталады.
73.Тізбекті реакциялар жылдамдығы
Тізбекті реакциялардың механизмін ашуда Н. Семеновтың үлесі зор. Оның іліміне
сəйкес тізбекті реакциялар үш сатыдан тұрады: белсенді орталықтың пайда болуы,
дамуы жəне тізбектің үзілуі. Тізбек пайда болуының бірнеше варианттары бар: жарық
немесе радиоактивті сəулелену əсерінен; бос радикал түзілу арқылы жүретін химиялық


реакциялардың нəтижесінде; катализатор, жоғары температура, электр разряды
əсерінен т.б. Мысалы, кварцтың бетінде екі гидроксил радикалдары 500 0С
температурада бір молекула сутегі мен бір молекула оттегінен пайда болуы мүмкін: Н2
+ О2 = 2ОН*, жарықтың əсерінен хлор молекуласынан екі бос хлор атомы түзіледі: Cl2
+ hν = 2 Cl*.
74.Лимитациялық саты
Жалпы алғанда параллельді реакцияның жылдамдығы бастапқы заттардың
концентрациясының өзгерісімен анықталып, оны құрайтын барлық реакциялар
жылдамдықтарының қосындысына тең. Егер реакциялардың саны көп болмаса жəне
белгілі-бір реакцияның жылдамдығы басқаларымен салыстырғанда айтарлықтай
жоғары болса, онда параллельді реакцияның жылдамдығы, ең жылдам реакция
жылдамдығымен анықталады. Жалпы реакцияның жылдамдаған анықтайтын саты –
лимитацялық саты деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет