Хим 125 ответ docx


Байланыстырғыш заттар ерітінділерінің рН көрстекіші қалай анықталады



Pdf көрінісі
бет28/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

61.Байланыстырғыш заттар ерітінділерінің рН көрстекіші қалай анықталады
Байланыстырғыш заттар ерітінділері ортасының рН көрсеткішін білу химиялық
құрамы өзгермелі шикізаттық материалдар негізінде бетондардың оңтайлы құрамын
анықтауға, шикізаттық материалдардың құрамындағы кремний қос тотығы, əк сияқты
компоненттердің ерігіштігін болжауға мүмкіндік береді.


Ерітінділерді, жалпы химиялық реакияларды оқып үйренуде реакция ортасының,
яғни рН маңызы ерекше. Мысалы, минералды байланыстырғыш заттардың
гидратациялану реакциясы əлсіз негіздік ортада жақсы жүреді. Бетон жəне
темірбетонды бұйымдардың коррозиясы қышқылдық ортада қарқынды жүреді.
Осылайша əрбір процестің жүру ортасын біле отырып процестерді басқаруға болады.
Ерітінділердің (рН) сутектік көрсеткіші арнайы рНметр немесе иономерлердің
көмегімен анықталады.
62.Байланыстырғыш зат еру процесінің химиялық негізі
Бірізді жəне параллель реакциялар. Химиялық реакциялар жүру механизміне
байланысты бірізді жəне параллельді болуы мүмкін. Реакцияларды бірізді жəне
параллельді деп бөлу, реакциялардың жүру ретін тереңірек түсінуге жəне реакцияның
біртекті немесе əртекті болуына байланыссыз олардың жүру механизмін түсінуге
мүмкіндік береді.
Бірізді реакциялар деп – процестің бастапқы сатысында түзілген өнім, оның кейінгі
сатысына жұмсалатын реакцияларды айтады. Оған мысал ретінде цементтің қатаюын
қамтамасыз ететін байланыстырғыш заттың еруі мен жаңатүзілімдердің кристалдану
процестерін айтуға болады. Бұндай реакциялардың жылдамдығы ең баяу сатының
жылдамдығымен анықталады.
63.Гидратация процесін басқару
1893 жылы швед ғалымы Михаэлис Ле-Шателье теориясынан ерекше коллоидты
теорияны жасап, ұсынды. Михаэлис гидратация кезінде түзілетін гидрогельдер мен
байланыстырғыш заттың қатаюы кезіндегі коллоидты-химиялық құбылыстарға ерекше
көңіл бөлді. Ол кристалогидраттардың түзілуін қосалқы деп санап, оның цемент
тасының кейбір қсиеттеріне кері əсерін тигізуі мүмкін екендігін атап өтті.
Михаэлистің пікірінше қатаюшы цемент көпкомпонентті жүйесінің беріктігі,
суғатөзімділігі мен басқа да маңызды қасиеттерінің қалыптасуы кальций силикаттары,
алюминаттары
мен
алюмоферриттері
гидрогельдерінің
болуына
тəуелді.
Гидрогельдердің құрылымында беріктік, гидратация реакциясына бастапқы қатты
бөлшектердің көп бөлігін тарту жəне коагуляциялық тығыздаушы жаңатүзілімдердің
түзілуі арқылы қалыптасады. Гельдердің кебуін, Михэлис гельдерді сығу кезіндегі
капиллярлар арқылы судың сорылуынан болады деп түсіндіреді. Босап шыққан су
əрекеттеспеген бөлшектермен реакцияға түсіп, жүйенің одан əрі тығыздалуына əсер
етеді.
1925–1927 жылдары орыс ғалымы А.А. Байков байланыстырғыш заттардың
қатаюын кристалдану жəне коллоидты процестердің жиынтығымен түсіндіретін
теорияны ұсынды. Оның түсінігінше байлынстырғыш заттардың қатаюы белгілі бір
периодтар
мен
сатылардан
тұрады.
Белгілі
болғандай
байланыстырғыш


материалдардың қатаюының екі периоды бар деп есептеледі – ұстасу жəне нақты
қатаю. Ұстасу жүйенің қоюлануы жəне пластикалығын жоғарлату арқылы жүреді.
Уақыт өтуімен байланыстырығыш қамыры қоюлана түсіп, əлі қажетті беріктікке ие
емес қатты денеге айналады. Бұл ұстасудың аяқталып, қатаю процесінің басталғанын
көрсетеді. Бұл сатылар минералды байланыстырғыш материалдың суда ерімей, онымен
химиялық реакцияға түсуінен басталады. Бұл Байков теориясының Ле-Шателье
теориясынан негізгі ерекшелігі. Байковтың пікірінше гидратация процесінің соңғы
өнімі кристалдық дене болуына қарамастан, байланыстырғыш заттардың гдратациялық
қатаю процесінің коллойдты сатысы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет