58.Эмульсиялар, олардың қолданылуы Эмульсия - бір сұйықтықтың басқа сұйықтықтардың дисперсиясы бар екі немесе
одан да көп араласпайтын сұйықтықтардың коллоиды .
Эмульсия медицинада – сұйық түріндегі дəрілік қалыптар. Эмульсияда суда
ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін
береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде
болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зəйтүн, күнбағыс, үпілмəлік, т.б.
өсімдіктерді, вазелин жəне эфир майларын, сонымен қатар балық майын,
бальзамдарды жəне сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын
эмульсиялық дəрілік заттардың жағымсыз дəмі болады немесе ішкен кезде адамның
ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы
ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дəмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ
сақтауға келмейтін дəрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн ішінде пайдалану керек.
Эмульсия — екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді системасы.
Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде, атап
айтқанда сұйық коллоидты система болып табылады. Егер мұндай системаларды бірі
екінші-сінде ерімейтін сұйықтар қүрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады.
Эмульсиялардағы дисиерсті фазаны құрайтын шар тəрізді бөл-шектердің өлшемі əр
түрлі болады: кəдімгі көзге көрінетін бөлшек-тен бастап коллоидтық дəрежедегі
дисперстілікке дейін эмульсия-дағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0,1
—10,0 мкм ара-лығында болады. Сондықтан да оларды кəдімгі жай опгакалық
микроскоп арқылы байқауға болады. Эмульсиялар да суспензия-лар тəрізді табиғат пен
өндірісте кең таралған. Мысалы, сүт, жұ-мыртқаның сары уызы, қүрамында
дисперстелген суы бар мұнай, каучук өсімдіктерінің шырыны, салқын күйдегі металды
өңдеуге қолданатын техникалық эмульсиялар жəне басқалар. Полимер өндірісінде
эмульсиялық полимерлеу əдісі қолданылады.