қозғалмайды. Бірінші топқа суспензиялар, эмульсиялар, зольдер, ал екінші топқа
диафрагма деп аталатын капиллярлық денелер, мембраналар, гельдер, көбіктер, қатты
ерітінділер жатады.
Дисперсті жүйелердің қасиеттері алуан түрлі болғандықтан оларды жіктеу үшін
бірнеше көрсеткішті қолдану керек.
Дисперстілік бойынша жіктелу.
10-7÷10-5см (1÷100 нм) – жоғары дисперсті, ультрамикрогетерогенді жүйелер.
10-5÷10-3см (0,1÷10 мкм) – микрогетерогенді жүйелер.
10-3÷10-2см – дөрекі (төмен) дисперсті жүйелер.
Жоғары дисперсті жүйелерге зольдер жатады, дисперсиялық ортаның агрегаттық
күйіне қарай оларды креозольдер (дисперсиялық орта – қатты), лиозольдер
(дисперсиялық орта – сұйық) жəне аэрозольдер (дисперсиялық орта – газ) деп бөледі.
Жоғары дисперсті жүйелер қарапайым сүзгілерден өтіп, ал ультрафильтрлерден өтпей,
оптикалық микроскоптан көрінбейді. Микрогетерогенді жүйелерге суспензиялар,
эмульсиялар, көбіктер жəне ұнтақтар жатады. Мұндай жүйелердің өндірісте, əсіресе,
химиялық технологияда маңызы зор. Олар қарапайым фильтрлерден өтпейді,
қарапайым микроскоптан көрінеді.
52.Меншікті бет ауданының дисперстілік дəрежесіне тəуелділігі
Дисперстік бөлшектерді тұрақтандыру, яғни олардың өлшемі мен түрін ұзақ уақытқа
дейін сақтау. Тұрақтандыру коллоидтық химияның негізгі мəселелеріне жатады. Себебі
фазалардың жанасу шекарасындағы беттік бос энергияның салдарынан дисперсті
жүйелерге термодинамикалық тұрақсыздық тəн. Сондықтан үлкен меншікті беттік
ауданға ие жоғары дисперстік бөлшектер мен нанобөлшектер үшін тұрақтандыру
мəселесі өте маңызды. Тұрақтандырусыз бөлшектер бірігіп, дисперсті жүйе жойылады.
Қазіргі заманда дисперсті жүйелерді тұрақтандыратын коллоидтық химияның бірнеше
тиімді əдістері бар. Бұл əдістер іс жүзінде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: