Хим 125 ответ docx



Pdf көрінісі
бет18/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

45.Беттік белсенді заттар
Беттік белсенді заттар дегеніміз, сұйықтың басқа да бір фазамен жанасу бетіне
(сұйық, қатты немесе газ) адсорбцияланған кезде, фазалар шекарасындағы беттік
кернеулікті төмендететін заттар. Жалпы практикалық тұрғыдан алып қарағанда Беттік
белсенді зат дифильді құрылымға ие, яғни полярлы атом топтары мен полярсыз
көмірсутек радикалынан тұрады (дифильді молекулалар). Полярсыз фазаларға (газ,
көмірсутекті сұйықтыр, қатты заттардың полярсыз беттері) полярлы ортадан тебілетін
көмірсутекті радикал белсенділік танытады.
Беттік белсенді заттар анық байқалатын беттерде жəне фазалараралық шекараларға
адсорбциялануымен сипатталады.
«Фазаларарлық шекара» терминін бір-бірімен
араласпайтын екі фаза арасындағы шекараны, ал «беттер» терминін фазалардың біреуі
газ, көбінесе – ауа болатын фазалар шекарасын бейнелеу үшін қолданады.
Суда беттік белсенді заттар болған жағдайда оның беттік кернеулігі төмендейді.
Суды бүркеуге жұмсалатын энергия шығынына, флотация процесі кезінде қатты
заттардың сумен ылғалдану дəрежесіне, сонымен бірге капиллярлардағы судың
көтерілуіне қарап, оның беттік кернеулігін тəжірибеде анықтауға, судың таза немесе
ыластанғандығы жайлы қорытынды жасауға болады.


46.Фазалар шекарасындағы беттік бос энергия, оны төмендету əдістері.
Кез келген фазалардың шекарасы, шекараланатын фазалардың ішкі бөлімдерінен
өздерінің физика-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Бұл ерекшелік фазалар
шекарасындағы беттік бос энергияның артық мөлшерде болуымен сипатталады.
Беттік белсенді заттар мен фазалараралық шекараларға адсорбциялануының негізгі
қозғаушы күші фазалар шекарасындағы бос энергияның төмендеуі болып табылады.
Аудан бірлігіне шаққандағы фазалараралық бос энергия, бетті үлкейту үшін
атқарылатын жұмысқа тең.
Жалпы кез келген сұйық сыртында молекулалараралық тарту күштері тепе-теңдікке
келмеген молекулалар болғандықтан, сыртқы қабатта беттік бос энергия пайда болады.
Жүйе бұл энергияны əрқашан төмендетуге ұмтылады. Сұйықтың бетін үлкейту үшін,
беттік энергияны жеңу қажет, яғни сырттан жұмыс жасау қажет болады. Бұл энергия,
беттің ауданы 1 см2 ге тең болған жағдайда, беттік кернеулік коэффициентіне теңеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет