Хим 125 ответ docx


 Беттік бос энергияның беттік кернеулікке əсері



Pdf көрінісі
бет15/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

38. Беттік бос энергияның беттік кернеулікке əсері
Беттік құбылыстар. Кез келген фазалардың шекарасы, шекараланатын фазалардың
ішкі бөлімдерінен өздерінің физика-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Бұл
ерекшелік фазалар шекарасындағы беттік бос энергияның артық мөлшерде болуымен
сипатталады.
Газ фазасындағы молекулалараралық қашықтық үлкен болғандықтан, олардың
арасындағы тартылу күші, сұйық молекулалары арасындағы тартылу күшінен кем.
Сондықтан сұйық бетіндегі молекула мүмкіндігінше сұйық ішіне қарай əрекет етеді.
Осы себептен, əрбір сұйық өзінің бетін кішірейтуге ұмтылады. Жалпы кез келген
сұйық
сыртында
молекулалараралық
тарту күштері тепе-теңдікке келмеген
молекулалар болғандықтан, сыртқы қабатта беттік бос энергия пайда болады. Жүйе
бұл энергияны əрқашан төмендетуге ұмтылады. Сұйықтың бетін үлкейту үшін, беттік
энергияны жеңу қажет, яғни сырттан жұмыс жасау қажет болады.
39. Жұғу құбылысы, жұғу шамасы
Жұғу – сұйықтықтың қатты денемен немесе басқа сұйықтықпен жанасуы кезінде
пайда болатын құбылыс.
Егер сұйық молекулаларының өзара тарту күші, сұйық молекулалары мен қатты дене
молекулалары арасындағы тарту күшінен аз болса, сұйық қатты денеге жұғады. Сұйық
тамшысының бетіне жүргізілген түзу мен қатты дене бетіне сызылған түзу арасындағы
бұрыш жұғу бұрышы деп аталады жəне q əріпімен белгіленеді.
40. Капиллярлық қысым, оның маңызы
Капиллярлық қысым жəне оның маңызы. Қатты денеге сұйықтың жұғуына
негізделген прцестерде газ фаза мен сұйық шекарасындағы бет сфера (дөң немесе
ойыс) пішінге ие болғандықтан, капиллярлық қысым пайда болады. Белгілі бір
сұйыққа капилляр түтікшені батырған кезде түтікшенің ішіндегі бет дөң пішінде болса,
сырттағы беткі қабаттағы молекулаларды сұйық ішіне тартатын молекулалар саны
тегіс бетпен салыстырғанда аз екендігін көрсетеді. Сол үшін, ойыс беттегі молекулалар
арасындағы өзара тарту күштірек болады. Сұйық қатты денеге жұққанда сұйық бетінің


тегіс күйі мен сфералы күйінде пайда болатын қысымдар арасында капиллярлық
қысым пайда болады. Ол – Р əріпімен белгіленіп, төмендегі теңдеумен өрнектеледі:
DР=Рсфералық бет – Ртегіс бет
Қатты дене бетіндегі заттың молекула күйінде сіңірілуі молекулалық адсорбция деп
аталады жəне ол кезде үш түрлі жағдайды бақылауға болады:
1. Еріген зат еріткішпен салыстырғанда көп сіңірілсе, оң адсорбция жүреді.
2. Еріткіш еріген затпен салыстырғанда көп сіңірілсе, теріс адсорбция жүреді.
3.
Адсорбция жүрмеуі де мүмкін. Егер еріген зат, адсорбент жəне ерітіндінің бүкіл
көлемі бойынша концентрациясы бірдей болса адсорбция жүрмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет