Хим 125 ответ docx



Pdf көрінісі
бет14/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

35. Адсорбция, оның мəні
Адсорбция.Барлық дисперсті жүйелерде, дисперсті фаза бөлшектері бетінде көп
мөлшерде беттік энергия қоры болады. Кез келген жүйе өзінің беттік энергиясын
азайтуға тырысады, сондықтан коллойдты жүйелер термодинамикалық тұрғыдан
алғанда тұрақсыз. Беттік энергияның төмендеуіне алып келетін құбылыстардың бірі
сұйық немесе қатты дене бетіне басқа зат молекулалары, атомдары жəне иондарының
жиналу құбылысы болып табылады.
Екі фаза шекарасының бетінде зат концентрацияларының артуы адсорбция деп
аталады. Адсорбция процесі кезінде қатты немесе сұйық дененің бетінде басқа заттар
шоғырланады. Өзінің бетіне басқа зат бөлшектерін сіңірген сұйық немесе қатты дене
адсорбент, сіңрілген заттар адсорбтив, ал жалпы қатты денеге заттардың сіңірілуі
сорбция деп аталады.
36.Беттік кернеулілік, оның мəні
Беттік керілу — екі фазаның (дененің) бөліну бетінің термодинамикалық
сипаттамасы. Өлшем бірліктері Дж/м2 немесе Н/м. Беттік керілуді бөліну беті
сұйықтық болған жағдайда, бет контурының ұзындық бірлігіне əсер ететін жəне
фазалардың берілген көлемдерінде бетті ең кіші шамаға (минимумға) дейін жиыруға
ұмтылатын күш ретінде де қарастыруға болады. Екі қоюланған (конденсацияланған)
фазаның шекарасындағы беттік керілу, əдетте, фазааралық керілу деп аталады. Жаңа
бетті түзетін жұмыс, зат молекулаларын дене көлемінен беттік қабатқа ауыстыру
кезіндегі молекулааралық ілініс күшін жеңуге жұмсалады. Беттік қабаттағы
молекулааралық күштердің тең əсерлі күшінің шамасы дене көлеміндегідей нөлге тең
болмайды əрі ол ілініс күштері көбірек болатын фаза ішіне қарай бағытталады.
Сонымен беттік керілу беттік (фазааралық) қабаттағы молекулааралық күштердің
теңгерілмеуінің өлшемі болады.
37. Беттік кернеуліктің заттың термодинамикалық тұрақтылығына əсері
Кейбір термодинамикалық үрдістерді қарастырғанда əрекеттесуші фаза-лардың
беттік айырмашылығының бар екендігін ескеру қажет. Себебі, кез келген фазалар
айырмашылығының беті күш өрісінің көзі болып табылады. Күш өрісі кернеулігінің,
яғни екі фаза айырмашылығы бетіне сəйкес келетін бос энергияның артық мөлшерінің


өлшемі, сұйық орта үшін беттік кернеулік деп аталатын, меншікті беттік энергия (

)
болып табылады.

жəне S беттік қабат ауданын біле отырып, F энергияны есептеп
табуға болады:
F = S

.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет