Хим 125 ответ docx


Негізгі термодинамикалық ұғымдар



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

Негізгі термодинамикалық ұғымдар
Химиялық термодинамика құрылыс материалдары технологиясының теориялық
базасы ретінде, процестердің жүру бағыты мен энергетикасын, жылулық баланстарын,
түзілген
өнімдердің
тұрақтылығын,
реакция
өнімдерінің
тепе-теңдік
концентрацияларын жəне реакциялардың жүруінің оңтайлы тəртібін анықтауға
мүмкіндік береді.
Химиялық термодинамика бір-бірімен əрекеттесуші денелер жүйесін, жəне соған
байланысты жүйелер қасиетінің өзгеруін қарастырады. Жүйеге əсер етуші факторлар
жүйесін сыртқы орта деп атайды. Егер жүйе бүкіл көлемі бойынша біртекті болса
гомогенді, ал бір-бірімен беттік айырмашылығы бар бірнеше фазадан тұратын болса
гетерогенді деп аталады.


Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу заңының математикалық
көрінісі болып табылады: энергия жоқтан пайда болмайды жəне жоғалып кетпейді, тек
бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Термодинамиканың бірінші заңы негізінде
химиялық реакциялардың энергетикалық баланстары есептеледі.
22.
Жүйе күйінің функциясы. Жүйе күйін сипаттаушы негізгі параметрлер
Жүйенің бір күйден екінші күйге өту жолына емес, тек жүйенің бастапқы жəне
соңғы күйіне тəуелді болатын параметрлер – жүйе күйінің функциясы деп аталады.
23.Жылу жəне жұмыс
Жылу дегеніміз микробөлшектердің ретсіз қозғалысы негізінде берілетін қозғалыс.
Бұдан өзгеше жұмыс, бөлшектердің өте үлкен санынан тұратын макроскопиялық
массалардың белгілі бір күштің əсерінен болатын ретті қозғалыс формасы болып
табылады. Q жылу мен А жұмыс жалпы жағдайда жүйе күйінің функциясы бола
алмайды, себебі ол өзгерістің жүру жолына тəуелді. Мысалы: газдың ұлғаюы, оның
қысымы (р) мен көлемі ұлғаюының көбейтіндісіне тең.
A=pΔV
24. Қайтымды жəне қайтымсыз процестер
Прцестерді қайтымды, қайтымсыз жəне тепе-теңдіктегі деп жіктейді. Қайтымды
процестер реакцияның жүру ортасында жəне жүйе параметрлерінің өзгерісіне алып
келмейді, ал қайтымсыз процестер ортаны да, жүйені де өзгертеді. Қайтымды
процестерді кейде тепе-теңдіктегі процесс деп те атайды. Уақыт факторын есепке ала
отырып жүйені зерттеу қайтымсыз процестер термодинамикасы арқылы жүзеге
асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет