марказит
(ромбылық),
формулалары
–
FeS2;
кварцтың
7
полиморфтық
модификациялары бар.
Полиморфизм 2 түрге бөлінеді. Бірінші түрі – энантропия. Полиморфтық
модификациялардың белгілі бір температура мен қысымда бір түрден екінші түріне
ауысуа алуы. Мысалы, кварцтың тридимитке, алмаздың графитке ауысуы. Екінші түрі
– монотропия. Бір полиморфтық модификацияның екінші түрге ауысуы, екінші түрден
бірінші түрге қайта ауысу мүмкін емес. Мысалы, марказиттің пиритке ауысуы,
пириттен марказитке ауысу мүмкін емес.
Табиғи минералдардың ішінде химиялық құрамы жағынан таза кездесетіні сирек.
Олардың құрылымдарына əртүрлі химиялық қосындылар енеді. Кейбір минералдарда
бұндай қосындылар өте аз. Сондықтан да біз оларды тұрақты құрамды минералдар деп
атаймыз. Бұндай минералдар қатарына кварц SiO2 (қосындылары Al, Fe, Na мөлшері
0,01 %-дан аспайды), пирит FeS2 (мұндағы Co жəне т.б. қосындылар мөлшері 0,5-1
%-дан аспайды), галит NaCl (оның тазалығы көп жағдайда 99,9 %). Сфалериттің
құрамында темірдің қосындысы 0-25% жетеді. Бұндай минералдарды құрамы өзгергіш
минералдар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: