26. Термодинамиканың бірінші заңы
Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу заңының математикалық
көрінісі болып табылады: энергия жоқтан пайда болмайды жəне жоғалып кетпейді, тек
бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Термодинамиканың бірінші заңы негізінде
химиялық реакциялардың энергетикалық баланстары есептеледі.
27. Ішкі энергия жəне оның өзгерісі
Ішкі энергия – дененің (жүйенің) тек ішкі күйіне байланысты энергия. Ішкі
энергияға дененің барлық микробөлшектерінің (молекулалардың, атомдардың,
иондардың, т.б.) ретсіз (хаосты) қозғалыстарының энергиясы, микробөлшектердің
өзара əсерлесу энергиясы, атомдар мен молекулалардың ішкі энергиясы, т.б. жатады
Дененің бір күйден екінші күйге ауысу барысындағы Ішкі энергиясының өзгерісі
(ΔU) мынаған тең: ΔU=ΔQ–A, мұндағы Q – жүйенің қоршаған ортамен алмасқан жылу
мөлшері, А – істелген жұмыс. Бұл теңдеу жылу алмасу процесі басты рөл атқаратын
жүйелердегі энергияның сақталу жəне айналу заңын (термодинамиканың бірінші
бастамасын) өрнектейді. Энергияның сақталу заңына сəйкес Ішкі энергия физикалық
жүйе күйінің, яғни осы күйді анықтайтын тəуелсіз айнымалылардың (мысалы,
температура, көлем не қысым), бір мəнді функциясы болады. Q жəне А шамаларының
əрқайсысы жүйені Ішкі энергиясы U1-ге тең күйден U2-ге тең күйге ауыстыратын
процестің сипатына тəуелді болады, ал ΔU=U2–U1
Достарыңызбен бөлісу: