Хим 125 ответ docx


Термодинамикалық тұрақсыздық, оны реттеу жолдары



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

41.Термодинамикалық тұрақсыздық, оны реттеу жолдары
Дисперстік бөлшектерді тұрақтандыру, яғни олардың өлшемі мен түрін ұзақ уақытқа
дейін сақтау. Тұрақтандыру коллоидтық химияның негізгі мəселелеріне жатады. Себебі
фазалардың жанасу шекарасындағы беттік бос энергияның салдарынан дисперсті
жүйелерге термодинамикалық тұрақсыздық тəн. Сондықтан үлкен меншікті беттік
ауданға ие жоғары дисперстік бөлшектер мен нанобөлшектер үшін тұрақтандыру
мəселесі өте маңызды. Тұрақтандырусыз бөлшектер бірігіп, дисперсті жүйе жойылады.
Қазіргі заманда дисперсті жүйелерді тұрақтандыратын коллоидтық химияның бірнеше
тиімді əдістері бар. Бұл əдістер іс жүзінде кеңінен қолданылады.
Химиялық термодинамика бір-бірімен əрекеттесуші денелер жүйесін, жəне соған
байланысты жүйелер қасиетінің өзгеруін қарастырады. Жүйеге əсер етуші факторлар
жүйесін сыртқы орта деп атайды. Егер жүйе бүкіл көлемі бойынша біртекті болса
гомогенді, ал бір-бірімен беттік айырмашылығы бар бірнеше фазадан тұратын болса
гетерогенді деп аталады.
Заттың шынытəрізді күйі термодинамикалық тұрақсыз күй. Шыны өздігінен
кристалды күйге өтуі мүмкін жəне ол кезде артық мөлшерде энергия бөлініп, заттың
қасиеті секірмелі түрде өзгереді. Кристалды затты шынытəрізді күйге тек балқымадан
тез салқындату арқылы өткізуге болады. Қатты заттар газ тəрізді күйге төмендегі
тізбекпен термиялық диссоциация арқылы өтеді: қатты – сұйық (балқыма) – газ тəрізді
(булану).
42.Қатты жəне сұйық шекарасындағы адсорбция, оны реттеу жолдары
Адсорбция.Барлық дисперсті жүйелерде, дисперсті фаза бөлшектері бетінде көп
мөлшерде беттік энергия қоры болады. Кез келген жүйе өзінің беттік энергиясын
азайтуға тырысады, сондықтан коллойдты жүйелер термодинамикалық тұрғыдан
алғанда тұрақсыз. Беттік энергияның төмендеуіне алып келетін құбылыстардың бірі


сұйық немесе қатты дене бетіне басқа зат молекулалары, атомдары жəне иондарының
жиналу құбылысы болып табылады.
Екі фаза шекарасының бетінде зат концентрацияларының артуы адсорбция деп
аталады. Адсорбция процесі кезінде қатты немесе сұйық дененің бетінде басқа заттар
шоғырланады. Өзінің бетіне басқа зат бөлшектерін сіңірген сұйық немесе қатты дене
адсорбент, сіңрілген заттар адсорбтив, ал жалпы қатты денеге заттардың сіңірілуі
сорбция деп аталады.
Егер зат қатты дененің бетіне сіңірілсе, бұл процесс адсорбция (немесе өзара
химимялық əрекеттесу болмаса, физикалық адсорбция деп), оның ішкі бөлігіне (бүкіл
көлемі бойынша) сіңірілген жағдайда абсорбция деп аталады. Егер зат əртекті жүйеде
жүретін химиялық реакцияның нəтижесінде сіңірілсе, бұл құбылыс хемосорбция деп
аталады. Хемосорбция процесі кезінде жаңа фаза пайда болады.
Хемосорбция
көбінесе қатты дененің барлық көлеміне таралады. Бұған натронды əк пен сульфат
ангидридінің арасындағы хемосорбция мысал бола алады. Хемосорбция негізінен
қайтымсыз процестер қатарына енеді. Бұл жағдайда адсорбцияның жылу эффектісі,
химиялық қосылыстардың түзілу жылуларына жақын болады.
Газ жəне сұйықтардың қатты денеге адсорбциялануын өлшеу үшін, адсорбенттің
тəжірибеге дейінгі жəне тəжірибеден кейінгі массаларын анықтап, содан соң
адсорбцияны есептеп табады.
Қатты дене бетіндегі адсорбциялану. Қатты дене де сұйықтар сияқты беттік
тартылуға ие, сондықтан беттік кернеулікке ие болады. Бірақ та қазіргі кезде қатты
денелердің беттік кернеулігін анықтау əдісі белгісіз.
Қатты дене бетінде газдың адсорбциялануын мөлшермен сипаттау үшін газ
қысымының төмендеуін, немесе адсорбент массасының артуын өлшейді: себебі
асорбция кезінде адсорбент массасы артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет