суспензияға электролит енгізсе, онда онын ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда
суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары молекулалық қосылыстарды қосу
арқылы оны тұрақтандыруга болады. Мұнда тиксотропия құбылысы коллоидты
ерітіндідегіден гөрі артық. Суспензиялардың табиғаттағы алар орны ерекше. Айталық
гео-логиядағы жəне жер қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен
байланысты: седиментациялық құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың
пайда болуы, əзен сулары арнасы-нан асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды
балшық пен құмды, қоқысты сыртқа шығарады жəне олар қоюлана келіп, қатты
дене-ге айналады. Сол сияқты суспензиялар техникада да үлкен роль атқарады.
Мысалы, табиғи не синтетикалық каучуктен резина алу үшін əуелі күкірттің каучуктегі
суспензиясын дайындау керек; түр-лі құрылыс жəне баспа бояулары олифа майында не
органикалық еріткіштерде тұрақталған суспензия. Ал құрылыста жиі қолданы-латын
цемент пен ізбестің судағы “ерітінділері” де суспензия; саз балшықтын судағы
суспензиясы керамика өндірісінін, негізгі шикі-заты.
10>
Достарыңызбен бөлісу: