Хим 125 ответ docx



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

50.Коагуляция, оның мəні
Коагуляция дегеніміз коллоидтық ерітінділердегі қатты бөлшектердің өздігінен
бірігуі. Коагуляция нəтижесінде ірі борпылдақ агрегаттар түзіледі. Олар бір-бірінен
сұйық дисперсиялық ортаның жұқа (наноөлшемді) үлдірлері арқылы бөлінген ондық
не жүздік дисперстік бөлшектерден тұрады. Өлшемдері үлкен болғандықтан мұндай
агрегаттар седиментациялық тұрақсыз келеді. Дисперстік фазаның тығыздығы
дисперсиялық ортаның тығыздығынан үлкен болса, коагуляциялық агрегаттар шөгіп,
кері жағдайда бетке қалқып шығады. Дисперстік бөлшектердің агрегаттары түзген
тұнбалар коагуляттар деп аталады. Олардың құрылымы əртүрлі – борпылдақ,
реттелген, тығыз болады. Коагуляция коллоидтық-химиялық үрдістердің негізгілеріне
жатады. Ол дисперсті жүйелердің эволюциясында, көптеген технологиялық үрдістерде,
топырақтардың, тау жыныстарының құрылуында, судың тазартуында маңызды роль
атқарады. Коагуляцияның əртүрлі формасы болады. 1. Гомогенді коагуляция (əдетте
коагуляция деп аталады) – агрегаттар бір заттың дисперстік бөлшектерінен тұрады. 2.
Гетерогенді коагуляция (гетерокоагуляция) – коллоидтық ерітінді əртүрлі заттардың
дисперстік бөлшектерінен тұрады. Гетерокоагуляцияның элементтік актінде химиялық
құрамы əртүрлі дисперстік бөлшектер бірігеді. 3. Адагуляциялық коагуляция
(адагуляция) - дисперстік бөлшектердің əртүрлі қатты беттерге жабысуы. 4.
Флокуляция – коагуляциялық агрегаттар ерітіндідегі полиэлектролиттердің əсерінен
түзіледі. Полиэлектролиттердің ірі молекулалары не иондары, екі əртүрлі бөлшекте екі
шетімен адсорбцияланып, оларды ірі бір агрегатқа біріктіреді. Дисперстік
бөлшектердің арасындағы контактілердің беріктігіне қарай коагуляцияны қайтымды
жəне қайтымсыз коагуляция деп бөледі. Қайтымды коагуляцияда контактілер
молекулалық (ван-дер-ваальс) күштері арқылы түзіледі. Сондықтан жылудың əсерінен
агрегаттар бастапқы дисперстік бөлшектерге ыдырайды. Коагуляциялық агрегаттардың
бұзылуы (дезагрегаттануы) пептизация деп аталады.Қайтымсыз коагуляцияда
дисперстік бөлшектердің контактілерін күшті химиялық əрекеттесулер қамтамасыз
етеді. Сондықтан құрылған агрегаттар тұрақты жəне берік болады.Коагуляцияның
нəтижесінде дисперсті жүйенің қасиеттері күрт өзгереді. Яғни коагуляцияның басталу
жағдайларын оңай жəне дəл анықтауға болады. Коагуляцияға тəн көрсеткіштердің бірі
– дисперстік фазаның тұнбаға түсуі. Екінші көрсеткіш – жарық шашырауының
күшеюі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет