Хим 125 ответ docx


Дисперсті фазаның дисперсиялық дəрежесі, оның дисперсті жүйенің



Pdf көрінісі
бет20/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

49.Дисперсті фазаның дисперсиялық дəрежесі, оның дисперсті жүйенің
қасиеттеріне əсері
Битумды-полимерлі байланыстырғыштарды дисперсті ортасы битум, ал дисперсті
фазасы полимерлер болатын дисперсті жүйе ретінде қарауға болады. Бұндай
материалдардың қасиеттері жеке битум немесе полимерлермен салыстырғанда
жетілдірілген болады. Полимердің концентрациясы жоғары болған жағдайда, жоғары
эластикалық жəне беріктікке ие талшықты материал - битумды-полимерлі зат алынады.
Дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара əрекеттесуі бойынша. Дисперсті жүйе
фазаларының өзара əрекеттесуі дегеніміз сольватация (гидратация) процестері, яғни
дисперсті фаза бөлшектерінің жанында дисперсті орта молекулаларының сольватты
(гидратты) қабықшаларының түзілуі. Фазалардың молекулааралық əрекеттесуінің
қарқыны бойынша дисперсті жүйелерді 2-ге бөледі: Лиофильді
(гидрофильді)
жүйелер – дисперсті фаза мен дисперсті орта бөлшектері арасында əрекеттесулер өте
жоғары. Лиофобты
(гидрофобты) – екі
фаза
арасындағы молекула-аралық
əрекеттесулер нашар өтеді.
Лиофильді жүйелерде фазалар
арасындағы молекулалық əрекеттесу жоғары,
сондықтан олардың бөліну қабаттарындағы беттік керілу өте аз. Лиофильді дисперсті
жүйелер өздігінен дисперстілеу арқылы түзіледі. Олар термодинамикалық тұрақты
жүйелер, себебі дисперсті фаза сыртындағы сольватты қабаттар Гиббс энергиясының
∆G артуына мүмкіндік бермейді. Мұндай жүйелердің мысалдары: кейбір саздар мен
беттік-активті заттар (БАЗ) дисперсиялары, жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ)
ерітінділері. Лиофобты зольдердің бөлшектері қиын еритін заттардан түзіледі,
олардың
дисперсті
ортаға
ынтықтылығы
өте
төмен. Бөлшектері нашар
сольваттанған. Мұндай типті жүйелерге кəдімгі коллоидтық ерітінділер – металл
(алтын, күміс т.б.), күміс галогенидтерінің, мышьяк сульфидінің т.б. зольдері жатады.
Лиофобты зольдерде фазааралық беттік керілу өте үлкен, сондықтан жүйеде дисперсті
фаза бөлшектерінің өздігінен іріленуі байқалады. Беттік бос энергия (∆G) артық
болғандықтан олар термодинамикалық тұрақсыз, олардың агрегатты тұрақтылығы
уақытша.
Коллоидты лиофобты ерітінді (золь) – кем дегенде үш компоненттен тұратын
ультрамикрогетерогенді жүйе. Олар: дисперсті фаза, дисперсті орта жəне стабилизатор
(тұрақтандырғыш), соңғысы фазалардың бөліну қабатында адсорбцияланып, дисперсті


фаза
бөлшектерінің
бірігуіне
қарсылық
жасайды,
қорғаушы
қабат түзеді.
Термодинамикалық тұрғыдан, стабилизатор фазалар шекарасында сіңіп, фазааралық
беттік керілуді кемітеді, тепе-теңдіктегі коллоидты жүйені түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет