Хим 125 ответ docx


Қатты – сұйық шекарасындағы жұғу шамасы, оны төмендету жолдары



Pdf көрінісі
бет25/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx

56.Қатты – сұйық шекарасындағы жұғу шамасы, оны төмендету жолдары
Қатты дене бетіне сұйықтың жұғуы. Қатты дене бетіне сұйықтың жұғуын тексеруде
екі күшті: сұйық молекулаларының өзара əсерлесу күшін жəне сұйық молекулалары
мен қатты дене молекулалары арасындағы тартылу күштерін ескеру қажет.Егер сұйық
молекулаларының өзара тарту күші, сұйық молекулалары мен қатты дене
молекулалары арасындағы тарту күшінен аз болса, сұйық қатты денеге жұғады. Сұйық
тамшысының бетіне жүргізілген түзу мен қатты дене бетіне сызылған түзу арасындағы
бұрыш жұғу бұрышы деп аталады.Егер сұйық қатты денеге жұқса, жұғу бұрышы сүйір,
болады. Қатты денемен жанасқан сұйық бетінің пішініне жұғу құбылысының едəуір
əсері болады. Сұйықтың қатты денеге жұғуы үшін, сұйық пен қатты дене
молекулалары арасындағы ілінісу күші сұйық молекулаларының өз арасындағы ілінісу
күшінен артық болуы қажет. Жұғу – сұйықтықтың қатты денемен немесе басқа
сұйықтықпен жанасуы кезінде пайда болатын құбылыс.Жұғудың əсерінен қылтүтікте
(капилляр түтікте) менискі (дөңес не ойыс бет) түзіледі. Қатты дене бетіндегі
тамшының немесе сұйықтыққа батырылған дене бетіндегі газ көпіршігінің пішіні жұғу
процесіне тəуелді. Жұғу құбылысы, көбінесе, үш фазаның жанасу аймағындағы
молекулааралық өзара əсерлесу нəтижесі деп қарастырылады.
57.Коагуляция жəне коалесценция
Коагуляция дегеніміз коллоидтық ерітінділердегі қатты бөлшектердің өздігінен
бірігуі. Коагуляция нəтижесінде ірі борпылдақ агрегаттар түзіледі. Олар бір-бірінен
сұйық дисперсиялық ортаның жұқа (наноөлшемді) үлдірлері арқылы бөлінген ондық
не жүздік дисперстік бөлшектерден тұрады. Өлшемдері үлкен болғандықтан мұндай
агрегаттар седиментациялық тұрақсыз келеді. Дисперстік фазаның тығыздығы
дисперсиялық ортаның тығыздығынан үлкен болса, коагуляциялық агрегаттар шөгіп,
кері жағдайда бетке қалқып шығады. Дисперстік бөлшектердің агрегаттары түзген


тұнбалар коагуляттар деп аталады. Олардың құрылымы əртүрлі – борпылдақ,
реттелген, тығыз болады. Коагуляция коллоидтық-химиялық үрдістердің негізгілеріне
жатады. Ол дисперсті жүйелердің эволюциясында, көптеген технологиялық үрдістерде,
топырақтардың, тау жыныстарының құрылуында, судың тазартуында маңызды роль
атқарады.
Коалесценция дегеніміз тура жəне кері эмульсиялар мен аэрозольдердегі
(тұмандарда) тамшылардың, көбіктер мен газды эмульсиялардағы газ көпіршіктерінің
өздігінен бірігу процесі. Коалесценция нəтижесінде дисперстік бөлшектер (тамшылар
мен көпіршіктер) іріленеді, сондықтан дисперсті жүйеде седиментациялық тұрақсызға
айналады. Ірі газ көпіршіктері жəне тығыздығы ρd дисперсиялық ортаның
тығыздығынан ρ0 аз болатын тамшылар жүйенің бетіне қалқып шығады. Егер
тамшылардың тығыздығы дисперсиялық ортаның тығыздығынан үлкен болса (ρd >
ρ0), коалесценция тамшылардың седиментациясына əкеледі. Мұндай жағдай кері
эмульсияларға тəн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет