Гомогенді реакция жылдамдығына температураның əсері
Температураны көтергенде реакцияның жылдамдығы экспоненциалды заңдылықпен
артады
υ=υ_0 е^(-Е/RT)
(2.54)
бұндағы υ_0 - шексіз жоғары температурадағы реакцияның жылдамдығы, Т –
абсалют температура, Е –тиімді белсндіру энергиясы, R – газ тұрақтысы, е – натурал
логарифм негізі.
Температура өзгеруіне байланысты жылдамдық константасы өзгеретіндіктен,
концентрация тұрақты жағдайда 10.6 теңдеуді төмендегідей бейнелеуге болады:
k=k_0 е^(-Е/RT)
(2.55)
Бұл формулалардан реакцияға қатысушы молекулалар саны жəне соған сəйкес
химиялық өзгерістердің жылдамдығы, температураның өзгеруі кезінде химиялық
реакцияның жылдамдығы тəуелді болатын, е^(-Е/RT) белсендіруші көбейткішке
пропорционал болатындығы көрінеді.
Тəжірибе жүзінде химиялық актің нақты белсендіру энергиясын бағалау мүмкін
емес, негізінен бірнеше элементар актілердің жиынтық энергиясы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: