188 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негидері
МЕТРОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
III ТАРАУ
3.1 Метрология туралы негізгі ұғымдар
3.1.1 Қазақстанда метрологияның даму тарихы
2003
жылы
Қазақстан
метрологтары
республикадағы
метрологияның 80 жылдық даму жолын атап өтті.
Өлшеммен өлшеу техникасының дамуы Қазақстанда Ресей
метрологиясының дамуы және нығаюымен тығыз байланысты.
Приборлардың
қолдануға
жарамдылығын
аныктау
мақсатымен Қазақстан ауқымында алғашқы мекеме - Омсктің
салыстырып тексеру палатасының Семей бөлімшесі - 1923
жылы құрылған еді. Жаңа эрі дәлірек өлшем
жэне приборлардың
көрсеткіштерін саудада, кэсіпорындарда қолданыстагы өлшем
және приборлардың көрсеткіштерімен салыстырылып тексеру
жүргізілді. Бұл
салыстырып тексеру деп аталады, ал мекеме -
салыстырып тексеретін мекеме деп аталады.
Семей бөлімшесі 1925 жылы дербес салыстырып тексеру
палатасына өзгеріп,
қайта құрылған, ол Семей жэне Жетіқара
облыстарына қызмет етті. Қазақстанның қалған аумағында
Қазақстаннан тыс жердегі (Саратов,
Орынбор жэне Орта Азия
өлшем жэне таразы палаталарымен) салыстырып тексеретін
мекемелер қызмет етті.
1929 жылы қазанның 1 -де Семей өлшем жэне таразы палатасы
Қазақ аймақтық өлшем жэне таразы салыстырып тексеру палатасы
деп
қайта аталды, оның алғашқы басқарушысы болып
Н.Э.
Вильковский тағайындалды.
Қазақ ССР-нің Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімімен
1930 жылы Қазақ аймақтық палатасы
Семейден республиканың
астанасы Алматы қаласына көшірілді.