Алеуметтик педагогика indd


әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдістері



Pdf көрінісі
бет15/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдістері
жатады.
Оған психологиялық кеңес беру, аутотренинг, қызметтік ойындар 
және т.б. жатады.
Психологиялық кеңес
берупсихологиялық-педагогикалық қыз-
мет пен әлеуметтік жұмыс қызметіндегі ең кеңінен тараған 
әдістердің бірі болып табылады. Ол тұлға арасындағы, бала мен 
ата-ана арасындағы, ерлі-зайыптылар арасындағы және басқа да 
психологиялық сипаттағы проблемаларды шешуге психологиялық 
көмек көрсетеді. Психологиялық кеңес беруді негізгі ықпал ету 
құралы сұхбат жүргізу болып табылатын, тұлғааралық қарым-
қатынастағы қиындықпен байланысты туындаған, әртүрлі 
психологиялық проблемаларды шешуге бағытталған адамдармен 
тікелей жұмыс жүргізетін қызмет ретінде тануға болады. 
Аутотренинг
– клиенттерді бұлшықеттерін релаксация жасауға, 
өзін-өзі сендіруге ерік жігерін бағыттай алуға, зейінін бір орталыққа 
шоғырландыруды дамытуға және ерікті ақыл-ой белсенділігін
басқара білуге бейімдейтін психотерапиялық әдіс. Бұл – өзін-өзі 
бақылау мен сендіруге негізделген арнайы жаттығулар кешені. 
Аутотренингті адам өзінің жеке психикалық күйі мен мінез-құлқын 
басқару үшін пайдаланады. 
Аутотренинг жаттығуларын 30-шы жылдарда неміс психотера-
певті И. Щульц ойлап тапқан. Бүгінде оның түрлері мен оны 
қолданушылар саны едәуір артып отыр. Әйтсе де әрбір әлеуметтік 
педагогтың аутотренинг жаттығуларын қолданудың әрбір адам үшін 
жеке дара сипатқа ие болатындығын естен шығармағаны жөн.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг 
топтағы адамдармен өзара 
қарым-қатынасқа түсуде өзін-өзі танып білу білігі мен дағдыларын 
қалыптастырудың топтық әдістерінің жиынтығын құрайды. Бұл 
индивидтің коммуникативтік қабілеттері мен дағдыларын, өзін 
және оның қоршаған ортасын адекватты қабылдау қабілетін дамы-
ту бағытындағы жеке тұлғаны дамыту мен топтық қарым-қатынас-


47
тарын жетілдіру мақсатын көздеген топ ішілік өзара ықпал ету-
дің арнайы әдістемесінің көмегімен ұйымдастырылады. Әлеуметтік-
психологиялық тренингтің базалық құралы топтық дискуссия және 
әртүрлі рөлдік ойындар болып табылады.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер тұлғаның жалпы қарым-
қатынасқа дайындығын жетілдіру мен қалыптастыру мақсатында 
қолданылады (мысалы, жеке өмірінде және ұжыммен қарым-
қатынасында қиындық сезетін адамдар үшін), сонымен қатар адам-
дар ұжымымен интенсивті түрде байланысқа түсетін тұлғалар 
үшін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бағдарламалары 
ұсынылады.
Қызметтік ойындар
– нақтылы бір қызмет түрінің әлеуметтік 
мазмұнын, қайта жасаудың, тәжірибе типіне тән сипаттағы 
қарым-қатынас жүйесін моделдеудің формасы. Әлеуметтік педа-
гог тәжірибесінде нақтылы педагогикалық жағдайды моделдеу 
мақсатындағы қызметтік ойындарды пайдалану кеңінен тараған. 
Тарихқа көз жіберсек, ата-бабаларымыздың тәрбие әдістерін 
өте тиімді қолданғандығын, соның ішінде жаза қолдануды да 
терістемегенін білеміз. XI ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама Ж. Ба-
ласағұнның «Құтты бiлiк» дастанында бiр отбасындағы балалардың 
әрқайсысы бiр сұраққа қайтарылған әртүрлi жауап секiлдi әртүрлі 
болатындығын, соған сәйкес оларды тәрбиелеудiң жолдары да 
бiрдей болмауға тиiс екендiгi айтылады. Ақын баланы шектен 
тыс еркелетiп өсiрудiң түбi керi нәтиже беретiнiн ескерте оты-
рып,
Шолжаңдатпа, бiлсiн тәртiп, талапты, Талап қысқан бала 
құтты, талантты (1950 бәйт),
– деп қатаң тәртiп нақтылық пен 
ұқыптылықты қалыптастыратынын айтады. Ол үшiн балалардың 
мiнез-құлқы мен қабiлет ерекшелiгiне қарай тәрбие әдiстерiн 
дұрыс таңдау өте маңызды деп көрсетедi. Ақын қандай болғанда
да қатаң тәртiптiң қажет екендiгiн, тiптi қажетi болғанда жазалау-
ды да қолдануға қарсы еместiгiн бiлдiредi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет