Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет12/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

сұхбат, интервью, анкета әдістері 
жатады. Әлеуметтік психологтар олардың қатарына тест, бағалау 
шкалаларын да жатқызады. Сұхбат және интервью – бұл зерттеушіні 


36
қызықтыратын мәселелер бойынша тұлғалардан ауызша сұрақ алу-
мен, ал анкета – жазбаша сұрақ алумен ерекшеленеді. 
Интервью мен анкета алған кезде сұрақтардың құрастырылуына 
аса үлкен мән беру маңызды. Өйткені анықтау қажет болып отырған 
мәселелерге жауаптарды бірқатар зерттеу мақсаттарынан туындай-
тын сөздік стимулдармен байланыстыру көзделеді. Интервью мен 
анкета кезінде берілетін сұрақтар мынадай болуы мүмкін:
1. Ашық, яғни жауаптардың саны мен сипаты алдын ала белгілі 
болмаған жағдайда;
2. Жабық, яғни олар ұсынылған бірнеше жауаптардың ішіндегі 
біреуін ғана таңдауы тиіс боғанда;
3. Жартылай жабық, яғни сұраққа жауап беруші ұсынылған 
сұрақтар ішінде біреу емес бірнеше сұрақты таңдауына мүмкіндігі 
болғанда, сонымен қатар өзінің жеке көзқарасын да қоса беруге 
мүмкіндігі болғанда алынатын жауаптарға сұрақтар құрастырылуы 
мүмкін.
Педагогикалық құбылысты динамикалық және құбылмалы си-
патта зерттеудің әдісі сұхбат болып табылады. Мұндай әдіспен 
алынған мәліметтер көп жағдайда объективті сипат алады. Сұхбат 
жеке-даралық және ұжымдық болып бөлінеді. Сұхбат өзінің қол-
данылуы жағынан күрделі, өйткені ол жауап берушіге қойылатын 
сұрақтарды мұқият құрастыруды және оны қоюда әлеуметтік 
педагогтың тиянақты даярлығын қажет етеді. Сұхбат әдісін тиімді 
пайдаланудың бірден-бір жолы – оның мақсатының айқын болуы, 
бағдарламасының алдын ала жасалуы, әңгіме жүргізудің объектісін 
бағдарлау, жекелеген сұрақтардың нақтылануы мен оған жіберілетін 
уақыт ұзақтығын, орнын анықтау болып табылады. Сұхбатты 
жүргізудің тиімділігі зерттеушінің әңгіменің бағдары мен түпкі 
мақсатына жетуге деген терең қызығушылығы мен сұхбат берушіні 
ашық әңгімеге тарта білу қабілетіне де байланысты болады.
Интервью
– сұхбаттың бір түрі. Сұхбат өзара ақпарат алмасу 
сипатында болса, ал интервьюде бір адам тарапынан сұрақ беріліп, 
екінші тараптан тек жауап беруі тиіс. Интервью топтық және жеке-
даралық болып бөлінеді.
Құбылыстардың типі бойынша жауаптар алу үшін ең дұрысы ан-
кета (сауалнама) жүргізу болып табылады. Анкета жүргізудің тиімді 
нәтижеге жеткізетін шарты зерттеліп отырған құбылысты нақты си-
паттайтын және сенімді ақпарат беретін сұрақтарды дұрыс іріктеу,
нақты және жанамалап қоятын сұрақтарды дұрыс құрастыру, 


37
сұрақтарды құрастырғанда дұрыс жауаптарға бағдар беруші 
тұстарын болдырмау, анкета сұрақтарын бергенде жауап берушінің 
өз көзқарасы мен пікірін қоса бермейтіндей етіп жабық типте ұсыну.
Әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерде моделдеу 
әдістері де жиі қолданылады. Бұл құбылысты зерттеу үшін құрылған 
кейбір объектілерді басқа объектіде қайта қарастыру қажет. Жал-
пылама түрде алғанда модель зерттеу пәнінің функциясының, 
нақтылы қырларының, элементтерінің жүйесі ретінде айқындалады. 
Модельдеудің негізінде зерттеліп отырған объект пен оның моделі 
арасындағы сәйкестік жатыр. Әлеуметтік педагогикада модель-
деу ғылымның теориялық деңгейін арттыруда маңызды орынды 
иеленеді. Ол абстракциялау мен идеяландыру әдістерімен тығыз 
байланыста болады. 
Әлеуметтік педагогикада 
озат педагогикалық тәжірибелерді зер-
делеу мен қорыту
әдісі үлкен қолданысқа ие. Ғалымдар тарапынан 
осындай озық педагогикалық тәжірибелерді практикаға енгізуде оның 
критерилеріне аса маңызды мән беріліп жүр. Озық педагогикалық 
тәжірибелерді ендірудің талаптарын қанағаттандыратын бірқатар 
критерийлерді қарастырып көрейік. Олар мыналар:
– әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруы;
– жаңалығы мен жаңашылдығы;
– педагогика ғылымының талаптарына сәйкестілігі;
– ғылымның озық идеялары мен қоғамдық дамудың тенденция-
ларына сәйкестілігі;
– әлеуметтік-педагогикалық қызмет аясын арттыруы;
– педагогикалық процесс сапасының артуы;
– әлеуметтік педагог қызметінде жоғары нәтижелерге қол 
жеткізуі;
– тәрбиеленушілер тұлғасын жан-жақты дамытуға жағдай ту-
ғызуы.
Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдағы мәліметтерді өңдеу үшін 
зерттеудің
 математикалық әдістері
қолданылады. Оларға ранжир-
леу (жинақталған мәліметтерді нақтылы заңдылықпен орналастыру, 
өсу немесе кему ретімен орналастыру, әрбір зерттелген нәтиженің 
орнын анықтау), шкалалау (педагогикалық құбылыстың жекеле-
ген қырына баға беруде сандық көрсеткіштерді ендіруге мүмкіндік 
беретін әдіс) және т.б. әдістер жатады.
Әлеуметтік педагогиканың екінші тобын т


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет