Алеуметтик педагогика indd


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет8/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Әлеуметтiк педагогиканың негiзгi ұғымдары мен кірме ұғымдарын
атаңыз.
2. Әлеуметтендiру, әлеуметтiк оқу мен әлеуметтік тәрбие, әлеуметтiк 
бейiмделу және т.б. ұғымдарға сипаттама берiңiз.
3. Тәрбие мен әлеуметтендiру түсiнiктерiнiң өзара арақатынасына тал-
дау жасаңыз.
4. Әлеуметтiк педагогика өз дамуында педагогика ғылымының басқа 
қандай салаларымен және басқа қандай ғылымдармен байланысады.
5. Әлеуметтiк тәрбиенiң әлеуметтендiру процесiнiң құрамдас бөлiгi 
екендiгiн дәлелдеңiз.
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное посо-
бие для студ. Высших.уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. – М.:Гуманист. 
Изд.центр ВЛАДОС, 2003. – 416 с.
2. Мудрик А. В. Социальная педагогика: учебное пособие /Под ред. 
В. А. Сластенина. – М.: 1999.-С.19-24.
3. Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. – М.: «Академический Про-
ект», Екатеринбург: «Деловая книга», 2003. – 528 с.
4. Қоянбаев Р. М., Қоянбаев Ж. Б. Педагогика. – Алматы, 2000. – 327 б.
5. Рюриков Н. Мед и яд любви. − М., 1990. – 450 с.
6. Педагогика. − Алматы: Нұрлы Әлем, 2003. – 366 б.
7. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. – Алматы: Дарын. 
2005.– 191 б.
1.3 Әлеуметтік-педагогиканың жалпы әдiстерi
1.3.1 Әлеуметтік зерттеу әдістері туралы түсінік
1.3.2. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу әдістерінің түрлері 
және оларға сипаттама
1.3.3. Тәрбие әдістері, олардың түрлері және сипаттамалары
1.3.4. Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері 
және мазмұны


29
Ғылымның әлеуметтік мәртебесi көбіне оның теориясының 
қандай деңгейде зерттелгендігіне байланысты болады. Зерттеу 
жұмысын жүргізу ғылымды одан әрі қарай дамыту үшін қажет. Сол 
секілді әлеуметтік педагогика ғылымының дамуы үшін де оны зерт-
теу қажет.
Ғылыми зерттеу

ғылымның танымдық әрекетінің бір түрі, 
ғылыми білімдерді қорыту процесі. Кез келген ғылыми зерттеу 
белгілі бір нақты қасиеттерімен сипатталады. Олар: объективтік, 
қарама-қайшылықтарды айқындау, болжамдардың дәлелденуі, 
фактiлердiң нақтылығы және т.б.
«Әдіс» ұғымын грек тілінен аударғанда «жол», «тәсіл» деген 
мағынаны білдіреді. Жалпы алғанда әдіс түсінігін мақсатқа жетудің 
жолы деп түсіндіруге болады. Әдіс проблемасы 

әлеуметтік педа-
гогикада ең өзекті мәселелердің бірі, өйткені тұлғамен тәрбиелік 
жұмыс жүргізудің құралы көп жағдайда әлеуметтік-педагогикалық 
ықпал етудің тиімділігіне байланысты.
Әлеуметтік педагогикадағы әдістерді үлкен үш топқа біріктіріп, 
классификациялауға болады деп көрсетеді ғалым Ф. А. Мустае-
ва өзінің «Әлеуметтік педагогика» деп аталатын кітабында. Олар 
мынадай:
1. Зерттеу әдістері;
2. Тәрбие әдістері;
3. Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда көмек беру әдістері.
Ғылыми зерттеу әдістері – бұл ғылыми теориялардың 
байланыстылық, қатынас, тәуелділік заңдылықтарын орнату мен 
орналастыру мақсатында ғылыми ақпараттарды алудың тәсілдері. 
Зерттеу әдістерін қолдану әлеуметтік педагогиканы ғылым ретінде 
дамыту мен жетілдіру үшін маңызды.
Ғылыми зерттеу жұмысының екі түрі бар. Олар: эмпирикалық 
және теориялық.
Эмпиризм
– бұл философиялық ілім, ол ғылымның бір ғана 
көзінен алынған білім. Эмпирикалық таным практикалық тәжірибені, 
шындық болмысты зерттеуге негізделеді.
Біз жоғарыда атап өткендей, теориялық зерттеумен арнайы 
дайындықтан өткен адамдар, яғни профессорлар, доценттер, ғылыми 
қызметкерлер, сондай-ақ жоғары оқу орнының қызметкерлері 
шұғылданады.
Теориялық зерттеуде жоғарыдағы әдістермен қоса абстрактілеу, 
идеяландыру, модельдеу және т.б. әдістер қолданылады. Соны


30
мен бiрге логикалық, анализ-синтез, индукция-дедукция әдістері 
де қолданылады. Эмпирикалық зерттеуде бақылау, баяндау, экс-
перимент сияқты зерттеу әдістері қолданылады. Эмпирикалық 
зерттеу мен теориялық зерттеулер алынған нәтижесі бойынша да 
ерекшеленеді. Эмпирикалық зерттеуден алынған нәтиже ұсыныс
тұжырым ретінде көрсетілсе, ал теориялық зерттеуде ол ғылыми 
концепция, заң және заңдылық, жаңалық ретінде тіркеледі.
Эмпирикалық және теориялық танымды салыстырмалы түрде 
төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет