27
педагогиканың түсiнiктерi педагогика ғылымының түсiнiктерiнен
туындайды, олай болса әлеуметтiк педагогика
пәнiнiң өзi ғылыми
педагогиканың бiр саласы ретiнде көптеген зерттеу объектiсi жеке
адамның қалыптасуы болып табылатын басқа ғылымдармен тығыз
байланыста болады. Оны төмендегі схема түрiнде былай көрсетуге
болады:
1-схема.
Әлеуметтік педагогика түсініктерінің туындауын көрсететін
схема
философия
психология
ә
леуметтану
Мектепке дейінгі
педагогика
тарих
педагогика
Мектеп
педагогикасы
Арнайы
педагогика
К
ә
сіби
педагогика
Педагогика
тарихы
этнопедагогика
ә
леуметтік
педагогика
Тұжырым:
1. Әлеуметтік тәрбиенің мақсаты адамзат қоғамының барлық
кезеңiнде адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына
сай етiп қалыптастыруды көздеген.
2. Әлеуметтік педагогика ғылдымының негізгі категориялары
педагогика ғылымы категорияларынан келіп туындайды, соны-
мен қатар олар да қоғамдық категория болып табылады. Өйткенi
әртүрлi қоғамдық талаптарға сай берiлген анықтамалар мазмұны
бiрдей емес. Бұдан байқайтынымыз, қоғамның мақсаты тәрбиенiң,
тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастырудың мақсатымен
сәйкес сабақтасып отырады.