202
шақта өзiн-өзi тануға деген ұмтылыс күштi байқалады. Олардың
өз көзқарастары мен пiкiрлерi әрекеттерi барысында айқын
көрінеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде балалар отбасынан, мектептен
оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар, әсiресе,
өздерiн еркiн сезiнетiн ортаға араласуға бейiм болып келедi. Олар
спорт секциялары, техникалық үйiрмелер болуы мүмкiн, тiптi темекi
шегетiн, арақ iшетiн орын ретiнде үйлердiң жертөлелері болуы да
мүмкiн. Бұл кезеңде балалардың көпшілігі ересектермен, әсiресе,
ата-аналарымен көбiрек ерегiске барып, ортақ тiл табыса алмайды.
Балалар ата-аналарының тең, құрдастай қарым-қатынас жасауын
қалайды. Бұл кезде балалар көбiрек өз бетiнше өмiр сүруге тырыса-
ды. Олар өздерiне «кумир» сайлап алады да, соған елiктейдi. Басқа
балалардан ерекшеленуге тырысады.
Қоғамда қалыпты мiнез-құлықтан ауытқыған балаларды «қиын»
немесе «тәрбиесi қиын» бала деп санау қабылданған. Тәрбиесi қиын
балалардың әрекетiн «девиация құбылысы» деп атайды. Мiнез-
құлқында, iс-әрекетiнде ауытқуы бар балаларға мыналар жатады:
– мектепке, сабаққа бармайтын балалар;
– жетiм балалар;
– әлеуметтiк жетiм балалар;
– улы заттар мен наркотиктер пайдаланатын жасөспiрiмдер;
– жеңiл жүрiске түскен жасөспiрiмдер;
– тәртiп бұзатын жасөспiрiмдер.
Девиация девиантты, деликвенттi және криминалды мiнез-
құлықты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: