5
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстанда
түрік тіліне
қызығушылық танытатындар
саны күн санап артып келеді. Екі ел арасындағы саяси,
экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың артуы,
Қазақстандағы
түрік
телехикаяларының танымалдығы,
Түркияның ең таңдаулы туристік орталықтардың бірі болуы
Түркияға деген қызығушылықты
арттыратын себептердің
бірі.
Соңғы жылдары түрік тілін шет тілі ретінде үйретуге
арналған
материалдар көбейді, ал университеттердегі
көптеген тіл орталықтары өздерінің материалдарын шығаруға
әрекет
жасауда. Материалдардың әртараптандырылуы мен
олардың санының артуы түрік тілін шет тілі ретінде оқытуға
ықпал ету тұрғысынан оң өзгерістер болып табылады. Екінші
жағынан, «отандастарға түрік тілін үйрету»
бойынша
зерттеулер әлі де назардан тыс қалуда. Түрік тілін шет тілі
ретінде оқыту саласындағы материалдармен салыстырсақ,
түрік тілін отандастарымызға үйрету бойынша зерттеулердің
аз екендігі байқалады. Бұл кітап отандастарымызға түрік тілін
үйретудегі
олқылықты жою үшін дайындалған.
Қазақстанда түрік тілін үйренуге деген қызығушылық
айқын. Қазақстанда түрік
тілі курстары көптеген
университеттердің, әсіресе Ахмет Яссауи университетінің
шет
тілдері
факультеттерінде
немесе
түркология
факультеттерінде беріледі және формальды білім беруде
түрік
тілін үйренгісі келетіндердің
талаптары белгілі бір
дәрежеде ғана
қанағаттандырылады. Ресми білімге
қосылмаған
адамдар
,
түрік тілін үйрене алатын курстар,
өкінішке
орай, жеткіліксіз және қарапайым адамдардың түрік
тілін үйренуге деген талаптары қанағаттандырылмайды. Бұл
6
жағдайға теріс әсер ететін тағы бір фактор
-
қазақтарға түрік
тілін үйретуге арналған материалдардың тапшылығы.
«Түрік
тіліне кіріспе»
кітабы екі тілде, арнайы түрде
қазақ
тілі мен түрік тілінде дайындалды. Оқулықтың
екі тіл
бойынша дайындалуы түрік тілін үйренгісі келетін қазақтарға
түрік тілін өз бетімен үйренуге мүмкіндік береді, сонымен
қатар
қазақ тілін үйренгісі келетіндерге салыстырмалы түрде
қазақ
тілін үйренуге мүмкіндік береді. Кітап көптеген
диалогтармен
байытылды, грамматикалық тақырыптарды
көптеген мысалдармен түсіндіруге тырыстық, грамматикаға
параллель
мәтіндер еңгізіліп, жаттығулармен толықтырдық.
Кітаптың соңына тақырыптық сөздік қосу арқылы негізгі
түрік тілінде қажет болатын сөздерді
жинақтауды да
ұмытпадық.
«Түрік
тіліне
кіріспе»
кітабы
түрік
тілін
отандастарымызға үйрету саласында маңызды үлес қосады,
өйткені
бұған дейін екі тілде дайындалған басқа материалдар
болмағандықтан және түрік тілін үйренгісі келетін қазақтарға
түрік тілін өз бетімен үйренуге мүмкіндік ұсынады. Курс
оқуға мүмкіндігі жоқ және түрік тілін үйренгісі
келетін
қазақтар
бұл кітаптың арқасында түрік тілін өз бетінше
үйрене
алатын болса, ресми білім беруде түрік тілінен сабақ
алуға мүмкіндігі бар қазақтар бұл кітаппен түрік тілін тезірек
үйренетін
болады.
Достарыңызбен бөлісу: