Жеке карточка


Назар аударыңыз! ЕГЕР БАЛАҢЫЗ



Pdf көрінісі
бет29/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

Назар аударыңыз! ЕГЕР БАЛАҢЫЗ:
• 9 айлығында буындарды айта алмаса, «ку-ку!» ойнағанда жауап қайтара ал
-
маса 
• 11 айлығында біреудің көмегінсіз аяғын баса алмаса тез арада дәрігерге 
барыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК
Енді балаңыз өз бетімен жүре бастаған кезде бұрынғыдан да мұқият болыңыз, 
оны жалғыз өзін үстелде, кереуетте немесе орындықта қалдырмаңыз. Үстелде 
жапқыш болмауға тиіс. Ыстық тамақты, шайнекті үстелдің шетіне емес, ортасына 
қою қажет. Әлі тамақ шайнап үйренбеген балаға оның тыныс алу жолдарына 
түсіп кетуі және тұншықтыруы мүмкін жаңғақ секілді тамақтарды беруге бол-
майды.
Еңбектей бастайды.
Еркін отырады.


48
ЕГЕР СӘБИІҢІЗ: 
• сұйық іше алмаса немесе емшек сора алмаса
• ерекше ұйқылы-ояу болса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• әрбір емгеннен немесе сұйық ішкеннен кейін құсатын болса
• ауырған кезде аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса, емшекті сүлесоқ сорса
• ұстағанда денесі ыстық болса (37,5 °С-ден жоғары);
• ұстағанда денесі салқын болса (36,5 °С-ден төмен);
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса, жиі немесе сырылдап дем алса
тұншыға бастаса
нәжісі қан аралас, сұйық болып іші өтсе,
• дыбысқа жауап қайтармаса;
• қозғалып бара жатқан заттарға қарамаса;
• әкесіне/анасына немқұрайлы болса және жауап қайтармаса;
• оңашада болғанды ұнатса;
• бүкіл денесімен шайқалатын болса;
шамадан тыс шошынатын болса;
• жиі мазасызданып, жыласа, көпке дейін тыныштала алмаса;
• ата-анасымен айрылысқанда алаңдамаса;
• өспесе және салмақ қоспаса ТЕЗ АРАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ 
ҚАРАЛЫҢЫЗ.
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Жоспарлы екпелер жалғасады. Медицина қызметкерімен алдын ала хабарла-
сып, екпе жасайтын уақыт пен орынды келісіңіз. 
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда): 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет