Жеке карточка


БАЛАНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет2/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛАНЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА АРНАЛҒАН
ЖЕКЕ КАРТОЧКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


5
Профилактикалық екпелер ауру жұқтырған жағдайда баланы ауыр зардаптарға, 
тіпті өліммен аяқталуға әкеп соқтыруы мүмкін қауіпті инфекциялық аурулар-
дан қорғай алады. Ата-аналардың парызы – екпе туралы қажетті ақпарат алу 
және вакцина жасату үшін медициналық мекемеге уақытылы бару. Екпені 
кейінге қалдыруға болмайды. Әрбір вакцина егу нақты белгіленген уақытында 
қабылдануы тиіс, егер ол бірнеше екпеден тұратын болса, онда толық кур-
сын алумен аяқталуға тиіс. Олай болмаған жағдайда баланың қорғаныш күші 
әлсіреп, толық бейтараптанып қалуы мүмкін, сөйтіп, балаңыз инфекциялық 
аурулардан қорғала алмайтын болады. Қосымша ақпарат алу үшін участкелік 
дәрігеріңізге немесе участкелік медбикеге жүгініңіз. 
ЕКПЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Баланы жоспарлы екпе алуға 
уақытында апарыңыз


6
Бала өмірінің алғашқы жылы – нәрестенің жаңа өмір жағдайларына, тағамның 
жаңа түріне үйренуімен, қоршаған ортадан мол ақпарат ағынын алуымен сипат-
талатын өте қиын кезең. Баланың барлық ағзалары мен жүйелерінің қалыпты 
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін аналар сәбиді тамақтандыру, қарым-қатынас 
және оған күтім жасау жөніндегі бірнеше аса қиын емес ережелерді сақтауға 
тиіс. 
Қарны ашқан кезде тек емшек беру сәби үшін аса маңызды:
• Ана сүті нәр береді әрі баланың өсуі мен дамуына ықпал етеді. 
• Ана сүті баланы дүниеге келген сәттен бастап көптеген вирустық және 
бактериялық инфекциялардан қорғайды. 
• Ана сүтінде сәбиге қажет маңызды нәрлі заттардың бәрі бар. 
• Сәби туғаннан бастап анасының уызын емеді, аз ғана бір тоярлық мөлшерде 
болғанымен, оның құрамы калориялы және иммунды заттардың мөлшерімен 
барабар заттардан тұрады. 
• Тек емшек ему дегеніміз баланың басқа қосымша тамақ, су немесе сұйық 
ішпей, тек емшек емуін білдіреді (қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектер 
мен дәрумендерден басқа). Тек емшек сүтін беру 6 айға дейін жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет