Жеке карточка


ЖАҚСЫ КӨРУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК



Pdf көрінісі
бет6/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

11
ЖАҚСЫ КӨРУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Нәресте анасының, әкесінің немесе оған күтім жасайтын басқа адамдардың 
қасында болуға тиіс. Ана мен баланың бірге болуы, сондай-ақ отбасындағы туы-
стар арасындағы жылы қарым-қатынас – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін нәрестеге күтім жасаудың аса маңызды компоненттері. 
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: 
баланың қауіпсіздігі оған күтім жасайтын адамдарға 
толығымен және тұтастай байланысты болады!
Бала еміп жатқан кезде ұйықтап кетпеңіз, оның тұншығып қалуы мүмкін. Егер анасы 
шаршаған болса, ол баланы емізіп жатқан кезде қасында біреудің болғаны дұрыс. 
Бала алғашқы күндері өз денесінің температурасын өзі реттей алмайтындықтан, 
оны ыстықтатып немесе суықтатып алмаңыз. Сәби үшін дененің қалыпты темпе-
ратурасы – 36,5 С - 37,5 С. 
Сәбидің демалысын бақылаңыз. Бұл жаста оның демалысы біркелкі болмай-
ды, ол біресе жиі демалады, біресе сирек демалады, кейде демін біраз уақытқа 
ішіне тартып алады. Жиі немесе керісінше, сирек демалу, кейде қиналып дема-
лу қандай да бір аурудың белгісі екенін ұмытпаған маңызды. Мұндай жағдайда 
медицина қызметкерінен тез арада консультация алу керек. 
Баланың басында өте жұмсақ бөлік – еңбегі болады. Бұл - баланың басының 
өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті мембрана түріндегі сүйекаралық түзілім. 
Нәрестелердің көпшілігінің туған кезде еңбегінің көлемі 2х2 см құрайды және 
шамамен 14 айлығында жабылады. Әр барған сайын дәрігер балаеың еңбегінің 
мөлшерін тексереді. Баланың еңбегі ерте немесе кеш жабылған жағдайда оның 
себебін анықтау үшін дәрігер қосымша тексеру тағайындайды. 
Баланы қараусыз қалдырмаңыз. Сізге көмектесетін адамдар мен туыстарыңыздың 
да бала күтіміне байланысты ережелерді сақтайтынына көзіңізді жеткізіңіз. 
Баланың денсаулығына байланысты туындауы мүмкін мәселелер туралы 
неғұрлым толық ақпаратты 100 беттегі СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ АУЫРЫП ҚАЛСА 
бөлімінен қараңыз.
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Балаға бір ай толған соң оның дұрыс дамып, өсіп келе жатқанына көзіңізді жеткізу 
үшін оны дәрігерге апарыңыз. Дәрігермен баратын уақытыңыз туралы алдын ала 
келісіңіз. Дәрігерге қоятын сұрақтарыңызды алдын ала дайындап алыңыз. 
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 


12
иӘ 
ЖОҚ
Балаңыз жақсы еме ме? 
Балаңыз күні-түні «қарны ашқан сайын» емшек сора ма?
Балаңыздың кіндігі құрғақ па? (егер кіндігі базданып не-
месе айналасы қызарып тұрса, дәрігерге көрініңіз)
Үлкен дәреті сарғыш, ақшыл немесе сұр түсті ме? (егер 
баланың үлкен дәреті түссізденіп, сондай-ақ терісі мен көзі 
сарғайып кетсе, дәрігерге көрініңіз)
Баланы шешіндірген кезіңізде ол тартылып, қолдары мен 
аяқтарын қозғалта ма?
Бала күтімінде Сізге не нәрсе ерекше қиындық туғызады?
Баланың өсуі мен дамуы бойынша жүргізген бақылауыңызды сипаттап жазыңыз, 
өз ойыңызша, баланы дәрігерге көрсетуді талап етеді деген жағдайларды және 
басқа да маңызды түсініктемелерді келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет