15
Кейде емшек емізу мүмкін болмайтын жағдайлар кездеседі, мысалы, ЖҚТБ-
мен ауыратын ана егер қауіпсіз балама тамақтандыру мүмкін болса,
балаға ем-
шек бермеуге тиіс. Кейде баланың емуіне уақытша тыйым салынады,
мұндай
жағдайда балаға сүтті сауып береді. Осы және басқа сұрақтар бойынша Сіз
қосымша ақпаратты медициналық қызметкерден ала аласыз.
6 ай толғанша балаға тек емшек берген дұрыс. 6 ай
толған соң балаға міндетті
түрде қосымша тағам (тамақ) беру керек. Емшек емуді бала екі жасқа толғанша
үзбеу ұсынылады.
Егер емшек емізу мүмкін болмаса немесе оған медициналық
қарсы көрсетілімдер
болса, онда медицина қызметкері балаға қауіпсіз тамақты таңдап беруге
тиіс, яғни бала жасына сәйкес бейімделген жасанды
қоспамен тамақтануға
тиіс. Бейімделген қоспаны дұрыс таңдаған жағдайда балаға 6 айға толғанша
қосымша тамақ талап етілмейді.
Жасанды тамақ ішетін балалар тамақ ішіп жатқан кезде мейірім мен еркелетуді
аңсайтынын есіңізден шығармаңыз. Бұл
ана мен бала арасында тығыз
эмоционалдық байланыстың орнауына көмектеседі.
Баланы бейімделген сүт қоспаларымен тамақтандыру ережесі туралынеғұрлым
егжей-тегжейлі ақпаратты Сіз участкелік дәрігерден ала аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: