Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет10/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛАҒА КҮТІМ ЖАСАУ
Ананың балаға және өзіне күтім жасауы бойын-
ша кеңестер бұрынғыша қала береді. Алғашқы 
қиын апта өткеннен кейін Сізге балаға күтім жа-
сау және өзіңізге қарау жеңілдейді, балаңыз 
бұрынғыға қарағанда қунақ, сергек бола бастай-
ды. Сіз онымен көбірек бірге болып, оның даму-
ына көп уақытыңызды бөлесіз: сергек жатқан кез-
де сәбимен сөйлесіңіз, музыкалы және түрлі-түсті 
ойыншықтарды пайдаланып, ойнаңыз. Бұл уақытта 
баламен бір деңгейде болыңыз және оның көзіне 
қараңыз. 
Баламен сергек жатқан кез-
де сөйлесіңіз, оған ән айтып 
беріңіз


16
СЫЛАУ ЖӘНЕ ГИМНАСТИКА
1АЙДАН 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕН
Сабақтың жалпы ұзақтығы — 5—6 минут. Ең алдымен сипай отырып сылау, жаттығу 
кезіндегі тітіркенулерге жауап ретінде пайда болатын тек кейбір рефлекторлық 
қозғалыстарды пайдалану ұсынылады. Баланың қолы мен аяқтарын күшпен 
түзетуге болмайды: бұл жаста аяқ-қолдарының бұлшық еттерінің сіресіп қалуы 
(жоғары тонус) байқалады. 
1-ЖАТТЫҒУ.
ҚОЛДЫ СЫЛАУ — СИПАЛАУ (4—6 РЕТ).
Бастапқы қалып (БҚ): баланы аяқтарын үстелдің 
алдыңғы шетіне жақындатып, арқасымен 
жатқызыңыз. Қолын ішкі жағынан алақан 
қозғалысымен саусақтан иыққа қарай бағытпен 
сипаңыз.
2-ЖАТТЫҒУ.
ІШТІ СЫЛАУ — СИПАЛАУ (6—8 РЕТ).
БҚ: сондай. Ішті, бауырдың айналасына соқпай, 
бір немесе екі қолдың алақанымен сағат тілі 
жүрісінің бағытымен айналдыра сипалау.
3-ЖАТТЫҒУ.
АЯҚТЫ СЫЛАУ — СИПАЛАУ (4—6 РЕТ).
БҚ: сондай. Баланың бір аяғын табанынан жеңіл 
ұстап тұрып, екінші алақанмен сирақ пен жамбасты 
табаннан шапқа қарай сыртқы және артқы жағынан 
сипалаңыз. Жамбастың ішкі жағы сыланбайды. 
4-ЖАТТЫҒУ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет