13
БАЛАНЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Баланың өсуі мен дамуы айтарлықтай дәрежеде
дұрыс тамақтануға байла-
нысты. Ата-аналар бұл мәселеге айырықша назар аударуға тиіс. Бала үшін ең
жақсы тағам - сәбидің де, анасының да денсаулығы үшін дұрысы, практикалық
тұрғыдан тиімдісі және ең пайдалысы - емшек сүті! Ана сүті – жанды биологиялық
субстанция, ол баланың қажеттіліктеріне және жасына қарай үнемі
өзгеріп оты-
рады, нәрестелер мен сәбилер үшін теңдесі жоқ мінсіз тағам болып табылады. Ол
стерильді және 6 айға дейін баланың қоректік заттарға деген мұқтаждықтарын
толық қанағаттандырады.
Егер бала тек емшек еметін болса, онда бұл жаста
бала жиі емсе де тоймай
қалатындықтан және сол үшін мазасыз болғандықтан, Сізге сүт аз шығатын
секілді болып көрінуі мүмкін. Бұл жағдай баланың тез өсуіне байланысты.
Жағдайды түзету үшін балаға бірнеше күн бойына
емшекті жиі беру жеткілікті
(әсіресе түнде). Көп ұзамай жағдай түзеледі, анасының сүті баланың жаңа
қажеттіліктеріне сәйкес жеткілікті көлемде шығатын болғандықтан, бала өзінің
бұрынғы қалпына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: