Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет4/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ЕСІҢІЗГЕ САҚТАҢЫЗ:
егер бала емізуге байланысты қиындықтар пайда 
болса, тез арада дәрігеріңізге немесе медбикеге барыңыз. Өз бетіңізше 
шешім қабылдаудың – емшек сүтін басқа тағам түріне ауыстырудың қажеті 
жоқ. Мұндай маңызды мәселені шешуді кейінге қалдырмаңыз, өйткені ем-
шек сүтінің болмауы балаңыздың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін! 


9
Баланы алғаш шомылдыру – өте жауапты әрі баланы біршама шошытатын сәт. 
Күйеуіңізден, анаңыздан, медбикеден көмек сұраңыз. 6 айға дейін баланы күн 
сайын шомылдырыңыз, оның терісіне, кіндігіне, көзі мен құлағына мұқият күтім 
жасаңыз. Баланы шомылдыру үшін көлденең ваннаны пайдаланыңыз. Баланы 
ваннаға салмас бұрын судың температурасын өлшеңіз, судың температурасы 37 
С градустан аспауы тиіс. Бір қолыңызбен баланың басын арқасымен бірге, екінші 
қолыңызбен аяқтарын ұстаңыз. Оны суға кеудесін жабатындай етіп батырыңыз, 
одан соң аяқтарын ұстап тұрған қолыңызды жіберіңіз. Нәрестенің беті мен басын 
жуу үшін дымқыл шүберекті пайдаланыңыз. Баланы тез әрі еппен жуындырып, 
бірден құрғақ, жылы сүлгіге орап алыңыз, сүртпей, жай ғана құрғатып алыңыз. 
Шомылдыру ұзақтығы – 5-7 минут. Осы уақыт ішінде баламен сөйлесіп, оған 
ән айтуды ұмытпаңыз. Балаларға арналған сабынмен аптасына екі-үш рет 
жуындырыңыз.
Тері мен кіндікке күтім жасаудың негізгі қағидаты – олар таза әрі құрғақ болуға 
тиіс. Кіндіктің тұқылы өңдемей-ақ, ешбір байлап, таңусыз өздігінен кеуіп, түсіп 
қалады. Күнделікті күтім жасаған кезде антисептиктерді пайдаланудың қажеті 
жоқ. Кіндіктен сұйық бөлінген немесе жағымсыз иіс шыққан жағдайда кіндіктің 
айналасындағы тері қызарып немесе сәбидің терісінде іріңді бөртпе пайда бол-
са, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
 БАЛАҒА АЛҒАШҚЫ АЙДА ЖАСАЛАТЫН КҮТІМ
Балаға табиғи матадан тігілген кең, ыңғайлы киім кигізіңіз. Баланы бос құндақтау 
қағидаттарын сақтаңыз. Балаға туғаннан бастап көру, тыңдау, сезу және 
қозғалу мүмкіндігін беріңіз. Оны кереуетке тегіс жерге шалқасынан жастықсыз 
жаттқызыңыз, бетін еш нәрсемен жаппаңыз. Баланы ыстықтатып жібермеңіз. 
Бала жатқан бөлмеде ешқашан шылым шекпеңіз. Аталған ережелерді сақтау 
баланың кенеттен болуы мүмкін өлімінің алдын алуға мүмкіндік береді. Етпетінен 
жатқанда, тегіс емес жерде жастыққа жатқызған кезде, қатты ыстықтаған 
жағдайда және темекі түтініне тұншықса бала кенеттен өліп кетуі мүмкін. 
Бала бар үйде шылым 
шекпеңіз.
Баланы кереуетке тегіс жер-
ге шалқасынан жастықсыз 
жатқызыңыз. Бетін ештеңе жауып 
тұрмағанына көзіңізді жеткізіңіз.
Баланы ыстықтатып 
жібермеңіз.


10
Балаға күтім жасаған кезде баланың стерильді жағдайда емес, тазалықта өсуге 
тиіс екенін ұмытпаған жөн. 
Сонымен қатар сәбидің анасы мен медицина қызметкерлері нәресте терісінің 
түсін бақылап, онда сарғыш түстің пайда болмауын айырықша қадағалауы тиіс. 
Тері жамылғысы мен сілекей қабығының сарғыш тартуы – нәрестелік кезеңде 
жиі кездесетін жағдайлардың бірі болып табылады, ол күні жетіп туылған 
нәрестелер үшін 2 аптаға, шала туылған нәрестелер үшін 3 аптаға созылады. 
Мұндай жағдайда дәрігер мен участкелік медбике сәбиді бақылап отыруға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет