Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет5/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Сәбилер туған сәттен бастап-ақ көреді, естиді, түрлі иістерді ажырата алады. 
Сәби анасын, оның бет құбылысын көреді, дауысының өзгерісін сезеді. Баламен 
көбірек сөйлесу қажет, күлімсіреп, оның көзіне қарау керек. Ең дұрысы – сәбиді 
емізіп отырғанда сөйлесу. Сәби мейірім мен ықыласты соншалықты күтеді. Бір 
және екі айлық аралығында бала анасына қарап алғаш рет күледі. Егер анасының 
көзі, сөзі, қимылы махаббат пен сүйіспеншілікке толы болса, сәби өзін тыныш әрі 
қауіпсіз сезінеді. 
ӨЗІНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Бала емізетін ана қандай да бір айрықша емдәмді қажет етпейді, әдеттегідей 
тамақтанады, бірақ оның сүттің дәмі мен иісін өзгертуі мүмкін тағамдардан, мы-
салы, пияз, сарымсақ, бұрыш және т.б. тартынғаны дұрыс. 
Сүт бездеріне күтім жасаған кезде антисептиктерді қолданбай-ақ күніне 1-2 рет 
қана сүртсе жеткілікті, баланы емізгеннен кейін көп жағдайда сүтті сауып тастау 
міндетті емес. Баланы емізіп болған кезде ананың емшегі жұмсаруы тиіс. Сүт 
бездерінің өскені, тығыздалып, ауыратын жерлері байқалған жағдайда тез ара-
да медицина қызметкеріне көрініңіз. 
Жеке гигиенаны сақтаңыз, гинекологтың кеңестерін орындаңыз, таза тиініңіз
қолыңызды жиі жуыңыз. Бала ұйықтаған кезде сіз де бірге жатып, демалыңыз. 
Көңіл-күйіңізді жақсы ұстауға тырысыңыз, жақын адамдарыңыздың ұсынған 
көмегінен бас тартпаңыз. 
БҰЛ ЖАСТА БАЛА НЕ ІСТЕЙДІ
20-30 минут бойы емшекті жақсы сорады, емізу аралығында жақсы ұйықтайды; 
ұйқының ұзақтығы - күніне 15-16 сағат. Алғашқы апта ішінде нәресте 18 сағаттан 
ұйықтауы мүмкін. Баланы ішімен етпетінен жатқызған кезде басын көтеруге ты-
рысады. Дыбысқа елеңдейді. Өзінің қажетін жылау арқылы білдіреді, сондықтан 
оның мазасыздануының себептерін анықтау қажет. Бұл кезеңде ата-аналар 
балаға көңіл бөлуге, қараусыз қалдырмауға, балаға сөйлеп, ән айтуға тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет