21
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛЫҢЫЗ
Тек емшек емізудің артықшылықтары мен тәжірибесі
Ананың дұрыс тамақтануы
Жасына сәйкес психоәлеуметтік
және моторлық дамуы
Жасына сәйкес сылау және гимнастика
Д дәруменінің ерекше профилактикасы көрсеткіштері бойынша
күнге жеткілікті деңгейде шығара отырып, күн
сайын серуендеу
(күніне 1-2 рет)
Бала ауырып қалған жағдайдағы мінез-құлық пен күтім жасау
ережесі (қауіпті белгілері және қай уақытта көмекке жүгінуге бола-
тыны, тамақ беру және сұйық ішкізу режимі).
Вакцина егу (вакцинаны уақытылы егу, екпеге болуы мүмкін реак-
циялар, ата-аналардың мінез-құлқы,
екпелердің қандай инфекци-
ялардан қорғайтыны)
Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін
қауіпсіз орта және ата-аналардың мінез-құлқы.
Баланы дамыту мақсатында оған күтім жасауға әкені қатыстыру
Дәрігердің қабылдауында ай сайын тексерілу
Көрсеткіштер бойынша бейінді мамандардың және зертханалық
зерттеулер консультациялары
22
БАЛАНЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Егер бала емшек еметін болса, онда бұл жаста баланың өзінің тамақтану
режимі қалыптасады әрі Сіз оған үйренесіз. Егер Сіз емізу уақыты шамамен 1
сағатқа жылжығанын байқасаңыз (ұйықтағанды жақсы көретін бала), онда
баланы оятып, қолыңызға алып, түймелеріңізді ағытып,
баланың еріндеріне
саусақтарыңызды немесе үрпіні жақындатып салуыңызға немесе оны оятпай-ақ
емшек беруіңізге болады. Бала түнде оянып, емшек сұрап, бір-екі минут сорып,
қайтадан ұйықтап кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда оған емшекті тықпалап,
зорлықпен беруге болмайды, ол шөлдеген
болуы немесе Сіздің жанында
екеніңізді сезінгісі келген болуы мүмкін.
Ананың балаға және өзіне жасайтын күтімі
бұрынғысынша қала береді. Баланы күн сай-
ын кемінде 2 сағатқа таза ауаға шығарыңыз.
6 айға толмаған баланы тікелей күн көзінен
сақтау қажет. Бөлменің ауасын тазартып,
дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Қолыңызды
жиі жуыңыз. Баланың заттарына мұқият күтім
жасаңыз. Бала үшін өзі көріп, ести алатын,
қолымен
немесе аяғымен итеріп, қозғай ала-
тын ойыншықтар ең мінсіз ойыншықтар бо-
лып табылады.
Ойыншықтар туралы ақпарат 98-беттегі
ОЙЫНШЫҚТАР бөлімінде.
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бала бұл жаста қозғалмайтын заттарға
тесіліп,
көзін ұзақ қадайды, ойыншықтың
қозғалысына көз жүгіртеді, шуға селк кете
қалады, тігінен жатқанда басын жақсы
ұстайды,
басын бұрып, жиі шалықтап күледі,
түрлі дыбыс шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: