Жеке карточка


БАШПАЙЛАРДЫ ИІП-БҮГУ (3—4 РЕТ)



Pdf көрінісі
бет11/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

БАШПАЙЛАРДЫ ИІП-БҮГУ (3—4 РЕТ).
БҚ: сондай. Бір қолмен баланың аяғын жіліншіктен 
жоғары ұстап, сәл көтеріңіз, ал екінші қолдың сұқ 
саусағын теріге және башпайлардың түбіндегі 
табан бұлшық еттеріне сәл батырыңыз. Бұл 
саусақтардың рефлекторлық иілуіне мүмкіндік 
береді. Содан соң табаннан өкшеге дейін 
сырт жағынан сипалаңыз, бұл башпайлардың 
рефлекторлық бүгілуін – табан рефлексін 
туғызады. Мақсат – табан бұлшық еттерін қатайту. 
Бала екі айға толғанда төмендегідей жаттығуларды қосыңыз.


17
5-ЖАТТЫҒУ.
ОМЫРТҚАНЫҢ РЕфЛЕКТОРЛЫҚ БҮГІЛУІ (АРҚА РЕфЛЕКСІ).
БҚ: Баланы аяқтарын үстелдің алдыңғы шетіне 
қаратып қырынан жатқызыңыз. Омыртқаны бүгу 
үшін құйрықтан иыққа қарай екі жағынан екі 
саусақпен сылау келек. Процедураны баланы оң 
және сол жақ қырына жатқызып жасаңыз (бір рет-
тен). Мақсат – арқаның бұлшық еттерін қатайту. 
6-ЖАТТЫҒУ.
АРҚАНЫ СЫЛАУ (4— 6 РЕТ). 
БҚ: сондай. Арқаны екі қолдың да сырт 
жағымен құйрықтан мойынға қарай және 
алақанмен кері қарай мойыннан құйрыққа 
дейін уқалаңыз.
7-ЖАТТЫҒУ.
ІШТІҢ ҚИҒАШ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІН СЫЛАУ (6—8 РЕТ).
БҚ: сондай. Бұл сылауды 2,5 айдан жасауға бола
-
ды. Екі қолдың саусақтарының қимылдары соңында 
кіндік үстінде қосылатындай етіп, екі алақанмен 
іштің қиғаш бұлшық еттерін жеңіл уқалайды. Мақсат 
– құрсақтың бұлшық еттерін қатайту. 
8-ЖАТТЫҒУ. «ЖҮЗГІШ» — ІШПЕН ЖАТҚЫЗЫП, ОМЫРТҚА МЕН АЯҚТАРҒА 
САЛМАҚ ТҮСІРІП БҮГУ (1—2 РЕТ).
БҚ: сондай. Баланы үстелдің үстінен оң алақанға, 
оның созылған аяқтарын сол қолмен табаны-
нан және екі сирақтың төменгі жағынан ұстап, 
көтеріңіз. Бұл кезде баланың басы шалқайып, 
арқасы бүгіледі. Мақсат – арқаның, желкенің 
және омыртқаның бұлшық еттерін қатайту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет