Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет19/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

29
10-ЖАТТЫҒУ.
ҚОЛДЫ КЕЗЕКПЕН ИІП, БҮГУ. (6—8 РЕТ).
БҚ: сондай. Балаға бас бармағыңызды ұстатыңыз. 
Оның қолдарын шынтақтан және иық буындары-
нан кезекпен бүгіп, жазыңыз. Бір қолын бүккеннен 
кейін, екіншісін бүгіңіз. Мақсат – қолдың және бүкіл 
иық белдеуінің бұлшық еттерін қатайту.
11-ЖАТТЫҒУ. ЕКІ ҚОЛЫН ЕКІ ЖАҚҚА ЖІБЕРІП, 
ҚОЛДАРЫН ТҮЗУ ЕТІП ОТЫРҒЫЗУ. (2—3 РЕТ). 
БҚ: сондай. Баланы білегінен ұстап тұрып, қолын 
жазып ұстап, бұрыңыз және жайлап өзіңізге тар-
тып, отыруына көмектесіңіз. Мақсат — қарынның көк 
етінің бұлшық еттерін қатайту және баланың отыру 
дағдысын дамыту. 
12-ЖАТТЫҒУ. ШЫНТАҒЫНАН ҰСТАП ТҰРЫП, АЯҒЫНА ТҰРҒЫЗУ (1—2 РЕТ). 
БҚ: баланы аяғын үстелдің алдыңғы шетіне 
қойып, ішімен жатқызыңыз. Балаға бас 
бармағыңызды ұстатыңыз, қолын шынтағынан 
бүгіп, аздап артқа қайырыңыз. Баланы 
шынтағынан ұстап тұрып, оның алдымен тізесін 
бүгіп тұруына, одан кейін аяғына тұруына 
көмектесіңіз. Мақсат — тірек сезімін дамыту, 
иық белдеуінің, аяқтары мен денесінің бұлшық 
еттерін қатайту. 
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бала қозғалмайтын заттарға көз алмай ұзақ тесіліп 
қарайды, басын заттың бағытына қарай бұрады, 
оны көреді және көзін барлық бағыттарға жүгіртіп 
қарайды, өзінің қолдарына қарайды, етпетінен жа-
тып, адамдардың бетіне қарайды, білегін тірейді, ба-
сын еркін ұстайды (кейде аздап қалтылдайды), езу 
тартады және Сіз онымен сөйлескен кезде түрлі ды-
быстар шығарады / уілдейді. 
Назар аударыңыз! 
Егер бала 3 айлығында басын ұстай алмаса немесе анасы 
қасына келгенде ешбір белгі бермесе, онда оны міндетті түрде дәрігерге көрсету 
қажет! 


30
ҚАУІПСІЗДІК
Бала барған сайын тынымсыз болады, сондықтан оны үстел үстіне немесе басқа 
айналасы қоршалмаған жерге бір секундқа да қалдырмаңыз. Баланың кереуетін 
үнемі тексеріңіз: онда кездейсоқ бау, шүберек, ұсақ заттар (түйме, шашқа тағатын 
қыстырғыш және т.б.) жатқан жоқ па екен. Баланы ваннада қалдырмаңыз, оны 
үнемі қолынан ұстап жүріңіз. Ойыншықтарын мұқият жуып, таза етіп сақтаңыз. 
Селкілдетудің қауіпті екенін ұмытпаңыз! Бұл жастағы балалардың басын төмен 
қаратып жаттығу жасау, аяғынан немесе бір қолынан тартып көтеру дұрыс емес. 
Бұл – баланың буынын зақымдауы (шығып кетуі, сынып қалуы) мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет